Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министрдің, министр орынбасарының номенклатурасына, сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген 2025 жылғы 28 шілдедегі № 556 хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне үлгіге сәйкес баянат және «Құжаттамашы» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ІІМ номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ІІМ орталық аппаратына – C-SV-5 санаты;
- «Солтүстік» және Оңтүстік» ІІМ әскери және арнайы жабдықтау базаларына – C-SV-7 санаты;
- облыстық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарына – С-SVО-6 санаты;
- қалалық және аудандық полиция департаменттерінің бөліністеріне –
C-SVR-2 санаты;
- жоғары оқу орындарына – C-SVU-3 санаты;
- оқу орталықтарына – C-SVU-6 санаты;
- ІІМ «С» қызметіне – C-SN-4 санаты;
- «Арлан» ПСН – C-SN-3 санаты;
- ІІМ Кинологиялық орталығы және УССО – C-SGU-2 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілсе.
Сұрақтар туындаған жағдайда ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасына хабарласуға болады, каб. № 421, 422, анықтама телефондары 8 (7172) 72-20-03, 72-20-05, 72-20-95, 72-20-47, электрондық мекенжайлар: k.sikebaev@mvd.gov.kz, arma.akhmetov@mvd.gov.kz, zh.dyusetaeva@mvd.gov.kz, b.kunedilov@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

ҚР ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің орынбасары
полиция генерал-майоры
А. М. Сайтбеков мырзаға


Баянат

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.


____________________
(лауазымы, атағы, аты-жөні, қолы)

Дата публикации
11 февраля 2026