Ішкі істер органдары (бұдан әрі-ІІО) 2025 жылы адам саудасына байланысты 203 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішіндегі деректер:
- адамның органдары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (ҚК-нің 116-бабы) – 7;
- адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы 3-бөлімі 2-тармағы) – 1;
- адам саудасы (ҚК-нің 128-бабы) – 12;
- кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту (ҚК-нің 134-бабы) – 15;
- кәмелетке толмағандар саудасы (ҚК-нің 135-бабы) – 31;
- жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту (ҚК-нің 308-бабы) – 17;
- жезөкшелiкпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық (ҚК-нің 309-бабы) – 120.
ІІМ жұмысын жетілдіру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру процестерін ғана емес, сонымен қатар құқықтық базаны құруды, адам саудасы фактілерінің профилактикасы және анықтауды ұйымдастыруды қозғайтын бірқатар басқа да кешенді шаралар қабылдануда:
2024 жылғы 5 шілдеде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ әзірлеген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» бірінші арнайы Заң қабылданды (2024 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді). Оны іске асыру аясында мемлекеттік органдар 19 заңға қосымша актілер әзірледі (ІІМ – 6, ЕХӘҚМ – 5, ДСМ – 2, ҰҚК ШС, СІМ, МАМ, ОАМ, ТСМ және Әділетмині – 1 ден);
– адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық және өңірлік комиссиялар қайта бекітілді, олардың құрамы жаңартылды және кеңейтілді;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізудің, сондай-ақ қылмыстардың жасырындылығын төмендетуге бағытталған адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсету үшін қайта бағыттаудың жаңа қағидалары әзірленді;
– 2024 жылғы қарашада адам саудасына байланысты істер бойынша туындайтын мәселелерді түсіндіру мақсатында «Адам саудасы үшін жауапкершілікті белгілейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
– шекара кеңістігінде ұлттық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселесі ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінің аумақтық полиция органдарымен бірлескен іс-қимыл тетігіне енгізілген.
Үкіметтің Адам саудасына байланысты қылмыстар профилактикасы ескерту және оларға қарсы күрес жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын іске асыру жалғасуда.
Халықаралық (ХКҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰ, ҮЕҰ) және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.