Ішкі істер органдарының жедел-қызметтік қызметінің нәтижелері туралы Ішкі істер органдары тарапынан 7 595 есірткіге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық анықталды (–4%, 2024 ж. – 7 920), оның ішінде 3 392 есірткі қылмысы (–1%, 2024 ж. – 3 430). Есірткі заттарын өткізу фактілерінің саны 10%-ға артты (2024 ж. – 2 057-ден 2025 ж. – 2 258-ге дейін, +201). Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 356 факт анықталды (–18%, 2024 ж. – 434) (ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі). Заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының жалпы көлемі +68,9%-ға өсіп, 31 т 764 кг 524 г құрады (+9 т 831 кг 144 г, 2024 ж. – 21 т 933 кг 380 г). Тәркіленген героиннің салмағы 466 г болды (–80%, 2024 ж. – 2 кг 293 г). Сонымен қатар синтетикалық есірткілерді тәркілеу 2 есеге артып, 1 т 189 кг 842 г құрады (+642 кг 586 г, 2024 ж. – 547 кг 256 г). 14 ұйымдасқан қылмыстық топтың (2024 ж. – 6) қызметі жойылды. ҰҚТ ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты ҰҚТ құру және басқару фактілері бойынша 23 (2024 ж. – 13) қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 262–265-баптары), оның ішінде 2 (2024 ж. – 3) трансұлттық (ҚР ҚК 264-бабы). 15 лидер және 58 қатысушы ұсталды. 954 кг-нан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 764 кг марихуана, 190 кг-нан астам синтетика, 87 г героин, 6 г кокаин. 13 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды (2024 ж. – 38, 2,9 есеге азайды). 350 кг (2024 ж. – 267 кг) химиялық заттар, оның ішінде 4 т 450 кг прекурсорлар тәркіленді. Каннабис тобына жататын есірткілерді өндіру бойынша 97 фитозертхана әшкереленді (3,6 есеге артты, 2024 ж. – 26). Есірткі заттарын тұтынуға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша 7 факт тіркелді (2024 ж. – 7). Есірткі құрамды өсімдіктерді өсірудің 364 фактісі анықталды (+29%, 2024 ж. – 282), есірткі контрабандасының 148 фактісі тіркелді (–40%, 2024 ж. – 248). ҚР ҚК 299-1-бабы (есірткілерді жарнамалау) бойынша 211 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді (–42%, 2024 ж. – 361). Есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату туралы ақпарат қамтылған 34 981 сайт, аккаунт және өзге де интернет-ресурстар анықталып, оларды бұғаттау үшін тиісті шешім қабылдауға жолданды (4,6 есеге артты, 2024 ж. – 7 502). 4 203 қылмыстық теріс қылық анықталды (–6,4%, 2024 ж. – 4 490). 21 439 (2024 ж. – 15 724) профилактикалық іс-шара өткізілді, оның ішінде: 2 010 (1 348) акция, 9 946 (8 250) дәріс, 2 375 (1 784) кездесу, 785 (563) дөңгелек үстел, 669 (556) конкурс, 1 410 (1 083) мәдени-спорттық іс-шара, 3 326 (2 190) өзге де іс-шаралар. Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірлесіп 8 576 (6 546) іс-шара, үкіметтік емес ұйымдармен – 11 373 (10 547), еріктілермен – 3 012 (2 900), мектептерде – 8 711 (7 262), жоғары оқу орындарында – 4 317 (3 714) іс-шара өткізілді. Аталған іс-шаралар барысында жасөспірімдер мен жастарды қамту көрсеткіші ZOOM қосымшасы арқылы онлайн форматта 2,4 млн-нан астам адамды (2024 ж. – 1 млн-нан астам) құрады. Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 25 355 материал жарияланды және орналастырылды (2024 ж. – 16 153), оның ішінде: теледидарда – 1 109 (2024 ж. – 885), баспа басылымдарында – 953 (798), ақпараттық агенттіктерде – 3 614 (2 689), Instagram желісінде – 13 039 (7 783), Facebook желісінде – 6 640 (3 998). Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдар саны 17 669 адамды құрады (2024 ж. – 18 233), бұл –2,5%-ға төмендеген. Олардың ішінде әйелдер – 1 602 (2024 ж. – 1 527, +5%), кәмелетке толмағандар – 44 (2024 ж. – 59, –37,2%). ҚАЖ мекемелерінде барлығы 38 026 сотталған адам бар, олардың 3 526-сы немесе 10,6%-ы есірткінің заңсыз айналымы үшін сотталған (ерлер – 3 191, әйелдер – 327, кәмелетке толмағандар – 8). Олардың ішінде алғаш рет сотталғандар – 2 601 немесе 73,8%, бұрын сотталғандар – 925 немесе 26,2%.