ІІМ-нің 2025 жылға арналған бюджеті бойынша анықтама (5-түзету)

ІІМ-нің 2025 жылға арналған түзетілген республикалық бюджеті 663 млрд 868 млн теңгені құрады.

 


Бюджет шығыстарының негізгі үлесі:

ІІО-ның 218 бөлінісін ұстауға және қызметін қамтамасыз етуге, ол 590 млрд 943 млн теңгені немесе 89%;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 7 млрд 573 млн теңге;
халықты мемлекеттік көрсетілетін қызметпен қамтамасыз етуге – 25 млрд 97 млн теңге;
13 инвестициялық жобаны іске асыруға 40 млрд 255 млн теңге көзделген:
1 762 млн теңге – Ұлттық ұлан Академиясының ғимараттары мен құрылыстарын салуды жалғастыру;
3 581 млн теңге – Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы үшін әскери қалашық салу;
3 850 млн теңге – Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы үшін әскери қалашық салу;
6 101 млн теңге – Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы үшін әскери қалашық салу;
1 322 млн теңге – Орал қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін 300 орындық казарманың құрылысы;
1 441 млн теңге – Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін 300 орындық казарманың құрылысы;
1 324 млн теңге – Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін 300 орындық казарманың құрылысы;
20 000 млн теңге – Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында ІІМ ғимараттарының әкімшілік кешенін салу;
10 млн теңге - Ильинка тұрғын алабы, Ақтамберді жырау көшесі мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы объектілерін және Астана қаласындағы қамтамасыз ету бөлімшелерін салу;
465 млн теңге – ішкі істер органдарының жедел-қызметтік және аналитикалық қызметі үшін ақпараттық кешен құру (Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы шеңберінде);
335 млн теңге – Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесін жаңғырту және дамыту (Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы шеңберінде);
8 млн теңге – «Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 мекемесінің базасында 840 орынды толтыру лимитімен ұстаудың аралас түрі бар мамандандырылған түзеу мекемесін салу (орташа және қауіпсіздігі барынша жоғары) (ТЖ ҚР 1500 МТМ (ІVA, IVГ)-2.2-2012) қалыпты геологиялық жағдайлармен ІVA, IVГ климаттық кіші аудандар үшін «1500 орынға арналған мамандандырылған түзеу мекемесі» үлгілік жобасынан алынған ғимараттар мен құрылыстарды жергілікті жерге байланыстыру» объектісі бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын ала отырып, ЖСҚ әзірлеу;
56 млн теңге - ҚАЖК УГ-157/9 мекемесінде жалпы толтыру лимиті 280 орынға дейінгі екі тұрғын блогын салу (Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының
2024 жылғы 29 шілдедегі №2301-24-00-2/1847 шешімі бойынша кредиторлық берешекті өтеуге).

Дата публикации
13 января 2026