Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің салалық статистикалық ақпарат тізбесіне енгізілген, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылатын ішкі істер органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны.
2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері 4 243 093 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
735 570 жүргізуші куәлігі берілді;
көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару бойынша 3 421 255 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 40 323 телнұсқасы берілді;
көлік құралдарын қайта жабдықтау туралы 45 945 куәлік берілді.