Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы

     «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 392-V Заңының  18-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік жүргізу және қаржылық бақылау қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ІІМ-нің Ішкі аудит департаментіне (Р.А. Күдешев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 
Министр  
полиция генерал-лейтенанты                                        Е. Саденов
 
Қосымша
Дата публикации
29 декабря 2025