15.12.25жылғы №1024 бұйрық. 2026 жылға арналған жеке күзет ұйымдарының, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графиктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15,
16, 17, 18, 19-қосымшаларға сәйкес Полиция департаменттері күзет қызметін бақылау жөніндегі аумақтық бөліністерінің 2026 жылға арналған жеке күзет ұйымдарының, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының, сондай-ақ күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графиктері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті осы бұйрықты 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Министр
полиция генерал-лейтенанты                                                                                Е. Саденов

Тексеру кестесі 2026ж.
Дата публикации
19 декабря 2025