«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы №662 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) осы бұйрыққа 4-3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті туралы ереже;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитет туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Ережені Комитеттің және облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астана және көліктегі полиция департаменттерінің профилактикалық жұмысты үйлестіру бойынша бөліністері жеке құрамын зерделеуін ұйымдастыруды;
5) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Комитетке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов