«Қазақстан санаторийі «акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 17 қазандағы № 772 бұйрық

     «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
35-бабы 5-тармағына, 36-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабы 2-тармағының
5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 15 қазандағы
№ КГИП-02-КГ/10786 хатына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан санаторийi» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) директорлар кеңесiнiң сандық құрамы - 5 (бес) мүше болып белгiленсiн.
2. Қоғамның Директорлар кеңесі мына құрамда сайлансын: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Тыл департаментiнiң бастығы Сәдуақасов Әбiлғазым Серiкұлы, «Қазақстан санаторийi» акционерлiк қоғамының президентi Иманбердиев Нұрсұлтан Жұмабекұлы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас сарапшысы Кәрібаева Мамыр Қуанышқызы.
3. Қоғамның директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жыл болып белгіленсін.
4. Қоғам осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қоғамның жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Министр
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов

Бұйрық
Дата публикации
24 октября 2025