Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінің 70-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Қазақстан санаторийi» акционерлiк қоғамының тәуелсiз директорларын конкурстық iрiктеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Е.Саденов