2025 жылғы 9 ай бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау туралы есепке Аналитикалық анықтама

     Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында орталықтандырылған түрде үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беру (сақтау, пайдалану, сатып алу және т.б. қосалқы түрлері);
- Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру (ЕЭК құрамына кірмейтін үшінші елдермен сауда жасаған жағдайда);
- Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру (ЕЭК елдері арасындағы сауда кезінде).

     Барлық мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған және «Е-лицензирлеу» ГБД ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетіледі.

     Осы жылдың 9 айында электрондық форматта 674 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінен берілді:
- 131 қызмет түріне арналған лицензиялар мен қосымшалар;
- 230 экспорт пен импортқа берілген лицензиялар;
- 313 бақылаудағы заттарды әкелу және шығару бойынша рұқсаттар.

     Берілген құжаттардың толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге 445 негізді бас тарту рәсімделді; лицензия алу үшін қайтадан өтініш беруге мүмкіндік бар.

     Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуы және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін ұзарту жағдайлары тіркелген жоқ.

     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түспеген.

 

 

Дата публикации
23 октября 2025