БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, көліктегі) аумақтық органдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар, көліктегі), аумақтық органдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандар, көліктегі), аумақтық органдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру орындары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің саптық бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің патрульдік полициясы саптық бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте::
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні