I. Кіріспе.
Заңнама саласының (кіші саласының) атауы:
Қазақстан Республикасының аумағында көші-қон бақылауын жүзеге асыруға және халықты құжаттандыруға байланысты қызмет саласындағы заңнама саласы.
Заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
- «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы;
- «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы;
- «Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 521 бұйрығы;
- «Қазақстан Республикасы азаматының паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР ІІМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығы.