Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Басқару академиясы» (бұдан әрi - Академия) республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Академияны қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстаұға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер:
1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 22 маусымның № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №25 331-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережесіне:
министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесіне:
мынадай мазмұндағы 49 - тармағымен толықтырылсын:
«49. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Басқару академиясы».
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов