«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкеіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-1-тармақта:

  • тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ұлттық жүргізуші куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін дайындау;";

  • тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді) әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу жөніндегі қызмет,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет болып табылады.».

  • «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

55-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«55-2) құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу жөніндегі, процестерді есепке алу, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жұмысын автоматтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызметті бекітеді;»;

83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«83) жеке басты куәландыратын құжаттардың: Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнің, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адам куәлiгiнің және жол жүру құжатының үлгiлерiн, оларды ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн, және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

            

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      О. Бектенов

Қаулы жобасы
Дата публикации
04 июня 2024