Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 83-бабының 2-бөлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттеушілік әсерді талдауды өткізу және пайдалану қағидаларының 11, 13, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған 2026 жылға арналған күзет қызметі саласындағы қолданыстағы реттеушілік талаптарды қайта қарау жоспары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті қолданыстағы реттеушілік талаптарды Жоспарда белгіленген мерзімде қайта қарауды қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық саясат департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Е. Саденов