

Арнайы атағы – әділет полковнигі
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2016 жылы Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген
2023 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған
1996 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. Тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген, сондай-ақ тергеу бөлімшелерінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2006-2012 жылдары – Семей қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.
2012-2018 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.
2018-2019 жылдары – Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2020-2021 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу департаменті Алдын ала тергеуді талдау жұмысы басқармасының бастығы.
2021 жылы – ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары, Тергеу басқармасының бастығы.
2021-2024 жылдары – Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылдың қаңтар айынан – ҚР Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаментінің бастығы.