Сотталғандардың еңбегі оларды түзетудің басты факторы ретінде.
Заң шығарушы сотталғандардың еңбегін сотталғандарды түзетудің негізгі құралдарының қатарына жатқызады. Сотталғандарды жұмысқа орналастырудың негізгі мақсаты оларды қоғам үшін жоғалған адамдар емес, адам еңбексіз өмір сүре алмайтындығына, сондай-ақ сотталғандардың еңбегі оларды түзетудің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала беретініне сендіру болып табылады.
Қазіргі уақытта сотталғандардың өздерінде бар талап арыз берешектерін өтеуге, мемлекет кірісіне келтірілген залалды өтеуге ерекше назар аударылады. Ақылы жұмыстарға жұмысқа орналасу арқылы сотталғандар өздерінің қылмыстарымен келтірілген залалды өтеуге, туыстарына материалдық көмек көрсетуге, мекеме кезінде дүкеннен қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндігі бар.
Түзеу мекемесінің аумағында өндірістік кәсіпорын ашқан кәсіпкер сотталғандарға ақылы жұмыста жұмыс істеуге, талап арыздарды өтеуге, туыстарына көмектесуге мүмкіндік береді. Колониядағы бизнес тиімді деп айтуға болады, өйткені ТМ-де әртүрлі мамандықтары бар сотталғандар жазасын өтейді (тігіншілер, ағаш ұстасы-құрылыс, дәнекерлеушілер, аяқ киім тігу мамандары, металдан жасалған бұйымдар жасау мамандары және басқалары), мекеме әкімшілігі қажетті кадрларды таңдаумен айналысады.
Түзеу мекемелерінің әкімшілігі өз кезегінде сотталғандардың жеке бизнесі мен жеке еңбек қызметінің арқасында сотталғандар үшін жұмыс орындарының саны артады деп үміттенеді.
Бүгін, Қонаев қаласының әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы Заречный және Арна ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Аталған жиында аймақтарды дамыту аясындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және Жаңа қаланың құрылуы бойынша шекаралық аймақтың өзгеруі туралы округ жұртшылығына баяндама жасап, толыққанды түсінік берді.
Жоғарыда айтылған мәселе бойынша бүгінгі күні тек жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
2023 жылдың 31 тамыз күні Арна ауылдық клубының ғимаратында Заречный ауылдық округінің әкімі Г. Несипбаева Арна ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді. Аталған кездесу барысында Арна ауылына кіре беріс 5 км жолға толық жөндеу жұмыстары жүргізу бойынша, Арна ауылында электр жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізу бойынша сұрақтар көтерілді. Жеке сұрақтар бойынша 2 адамның мекен-жайына шығып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Жылдағы үрдіс бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде маусым- қыркүйек аралығында республикалық - «Мектепке жол!» акциясы ұйымдастырылып жатыр.
Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні Заречный ауылдық ауылдық округі әкімінің аппаратымен «Мектепке жол!» акциясы – атты іс-шара ұйымдастырылып, округ бойынша барлығы 33 бүлдіршін округ аумағындағы кәсіпорындар, жеке кәсіпкерліктер қамқорлығына алып, оқушыларды мектеп формсаларымен және жабдықтарымен қамтамасыз етті.
Одан бөлек Арна ауылындағы №11 орта мектептің 40 оқушысына, Заречный ауылындағы №12 орта мектептің 70 оқушысына және Заречный ауылы, Школьная көшесіндегі өртке шалынған №1 үйден 6 оқушысына осы жылы мемлекет тарапынан әр балаға 40 567 теңге қаражат бөлінді.
Акцияның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, қатарынан қалдырмау болып табылады. Оқушыларымыз оқу озаты болып, биік шыңдардан көріне берсін.
2023 жылғы 20 тамызда Қонаев қаласы Заречный ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қонаев қаласы Заречный ауылдық округім әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Өткен сайлауға барлығы 3 кандидат қатысты. Дауыстар келесідей бөлінді:
Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы – 76,10% (943дауыс);
Салықбаев Дидар Алшынбекұлы – 3,39% (42дауыс);
Чалагулов Батырхан Жұмақанұлы – 16,62% (206 дауыс).
Наурыз мерекесіне орай, Заречный ауылында өткен ұлттық спорттық ойындар: арқан тарту, гір тасын көтеру, садақ ату, ләнгі тебу, асық ату, қыздар арасында скакалкамен секіру сынды ойындар өткізді.Ен басты күткен кезекті ойын қой көтеру ойынына беріліп, бәсекеге түскен ойыншылар бақтарын сынасты.Тартысқа түскен палуандар бір бірінен дес бермей ойын әсірлі болып қыза түсті.Жарыс соңында жеңімпазды анықтап, 115 мәрте көтерген палуанға қойды уйіне алып кетуді бұйырды.Ойынға қатысқандарға медаль, диплом және естелік сыйлықтар берілді.Аталған ойындар түрін әкімдіктің қолдауымен және Қонаев қаласының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры А.Артықов және мамандары ұйымдастырды.
Округ әкімі Умаров Қайрат Жақсылықұлы “1 наурыз-Алғыс айту” күніне орай,күні-түні ерінбей, ел игілігі үшін еңбек етіп, әр науқастың көңіліне демеу болып, өмірге деген құштарлығын арттырып жүрген ақ халатты абзал жандарды аталмыш мерекемен құттықтап қайтты.
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Көктемнің алғашқы шуағымен бірге келген Алғыс айту күні мерекесі құтты болсын!
16 желтоқсан- "Тәуелсіздік күні" мерекесінің қарсаңында, желтоқсан оқиғасына қатысқандар Сагындыкова Жайнагуль Мукатаевна мен Беисова Зауреш Айткалиевнамен кездесу өткіздім. Кездесу барысында мерекемен құттықтай отыра, сый-сияпат көрсетілді
«Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру» бағдарламасы аясында,«AGES ALMATY» ЖШС-мен Арна ауылында шағын футбол алаңын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр;
Ұлттық мерекеміз “Республика күніне” орай Заречный ауылында салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды. Округ әкімі жиналған қауымды аталмыш мерекесімен құттықтап, округтің әлеуметтік- экономикалық дамуында еңбектенген азаматтар алғыс хаттарымен марапаттады. Олардың ішінде әр саланың мамандары, тәжірбиелі қызметкері, ардагерлер бар.
Марапаттау рәсімінен кейін Арна ауылының концерттік бағдарламасына ұласты.