Манеев Жандос Оралбекұлы Ақөзек ауылының тұрғындарымен кездесті
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Манеев Жандос Оралбекұлы Ақөзек ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының мәселесі жан-жақты талқыланды.
Округ әкімі Жандос Оралбекұлы Манеев барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады.
Манеев Жандос Оралбекұлы Кербұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Манеев Жандос Оралбекұлы Кербұлақ ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының мәселесі жан-жақты талқыланды.
Округ әкімі Жандос Оралбекұлы Манеев барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады.
Құрметті Кербұлақ ауылының тұрғындары!
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Жандос Оралбекұлы Манеев, ағымдағы жылдың 28 тамыз күні сағат 10.30-да Кербұлақ ауылының № 7 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 1 кабинетінде округ әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ
Манеев Жандос Оралбекулы Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Манеев Жандос Оралбекулы Сарыбұлақ ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының мәселесі жан-жақты талқыланды.
Округ әкімі Жандос Оралбекулы Манеев барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Ақөзек ауылында округ әкімінің м.а. Жандос Оралбекулы Манеев тұрғындармен бекітілген кестеге сәйкес есептік кездесуі өтті.
Кездесу ашық форматта өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ортаға салды. Жиын барысында ең алдымен жер мәселесі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар көше жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Округ әкімінің міндетін атқарушы Жандос Оралбекулы барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.
Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады. Мұндай кездесулер – билік пен халық арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңы. Өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, ортақ шешім табу – ауылдың дамуына жасалған нақты қадам.
Құрметті Ақөзек ауылының тұрғындары!
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Өмірғалиұлы Жазиев, ағымдағы жылдың 15 сәуір сағат 10.00-де Ақөзек ауылының № 10 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 1 кабинетінде округ әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ
Құрметті Кербұлақ ауылының тұрғындары!
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Өмірғалиұлы Жазиев, ағымдағы жылдың 13 наурыз сағат 10.00-де Кербұлақ ауылының № 7 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, № 1 кабинетінде округ әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» ММ
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде мал сою пункті іске қосылды. Нысан бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған болатын. Жоба Алматы облысының ветеринария басқармасы, Ветеринариялық станция және Қонаев қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, ветеринария саласын дамыту – Мемлекет басшысы жүктеген бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев және ауыл тұрғындары қатысты. «Мал сою пунктінің іске қосылуы – халық денсаулығын қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азық-түлік тұрақтылығын сақтау тұрғысынан маңызды қадам. Жаңа талапқа сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы жабдықталған пункттерде сойылып, содан кейін сауда орындарына шығарылуы тиіс. Жаңа нысан жануар иелері үшін де тиімді. Бұл – өнім сапасын арттыруға, заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді», – деді Бақытнұр Бақытұлы. Айта кетейік, облыс аумағында 40 мал сою объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 22 мал сою пункті, 15 алаң және 3 ет өңдеу кәсіпорны бар.