Меню

Страницы

Статья

**Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Инфрақұрылым

Сумен жабдықтау

Округтегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 93,4 км құрайды. Елді мекендердің 99,81%-ы жерасты су көздерімен, 0,19%-ы жерүсті су көздерімен қамтамасыз етілген.

Су құбыры желілерінің пайдалану мерзімі 17 жылдан астам, яғни нормативтік қызмет ету мерзімінен жоғары. Желілердің тозу деңгейі 50%-ды құрайды. Күрделі жөндеуді қажет ететін елді мекенішілік су құбыры желілерінің ұзындығы 44,2 км.

Су құбыры желілеріндегі нақты су шығыны 20%-ды құрайды.

Округ құрамында жалпы саны 8 200-ден астам адамды қамтитын 9 елді мекен бар.

2025 жылы Шеңгелді топтық су құбырының желілерін реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаның жалпы құны 3 млрд 7 млн теңгені құрайды.

Электр желілері

Округтегі елді мекенішілік электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 262,9 км құрайды. Электр желілеріндегі жабдықтардың техникалық тозу деңгейі 60,2%-ды құрайды.

2024 жылы Шеңгелді ауылындағы М. Өзтүрік, Астана және Қ. Рысқұлбеков көшелерінің бойына ұзындығы 2 000 метр электр желілері мен тіректер орнатылды. Сонымен қатар, қуаты 160 кВА болатын ТП-2544 күштік трансформаторына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 2024 жылы Шеңгелді ауылындағы Бейбітшілік, Алдабергенова және Тәуелсіздік көшелерінің бойына 1 000 метр электр беру желісі тартылып, қуаты 160 кВА болатын күштік трансформатор орнатылды.

2026 жылы Шеңгелді ауылындағы Айымбетов көшесінде 38 электр бағанасы және 4 км электр беру желісі ауыстырылды.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында Шеңгелді ауылындағы Айымбетов көшесінің бір бөлігін, сондай-ақ Т. Бокин және Бақтыбай ақын көшелерін тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаты 250 кВА трансформаторлық қосалқы станция орнатылуда.

Дата публикации
31 августа 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

31 августа 2026
Көлік және автомобиль жолдары
31 августа 2026
**Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
07 августа 2026
Жер қатынастары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы