Меню

Страницы

Статья

Көлік және автомобиль жолдары

 

Шеңгелді ауылдық округіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 58,04 км құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 44,57 км, 100% бетон жабындымен қамтылған; облыстық маңызы бар жолдар – 65 км, 100% асфальтбетон жабындымен; аудандық маңызы бар жолдар – 84,3 км, 100% асфальтбетон жабындымен қамтылған. Елді мекендердегі автомобиль жолдарының ұзындығы – 58,04 км.

Округте елді мекендерді Қонаев қаласымен байланыстыратын 2 тұрақты автобус бағыты жұмыс істейді:

  • Қонаев – Шеңгелді – Кербұлақ – Сарыбұлақ;
  • Қонаев – Шеңгелді – Қосқұдық.

Жолаушылар мен багаж тасымалын «Қаншағай АТО» ЖШС жүзеге асырады.

Округтегі 9 елді мекеннің 5-еуі, яғни 55,5%-ы, тұрақты жолаушылар көлігі қатынасымен қамтылған.

Теміржол көлігі пайдаланушылар тарапынан сұранысқа ие көлік түрлерінің бірі болып табылады және өндірістік әрі жеке тасымалдарды қамтамасыз етеді. Шеңгелді ауылдық округінің аумағында Қосқұдық теміржол станциясы және 3 разъезд орналасқан. Аталған нысандар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теңгерімінде.

Жолдарды жөндеу жұмыстары

Жалпы округ бойынша жөндеу жұмыстарымен 5 елді мекен, 88 көше, жалпы ұзындығы 58,04 км қамтылған.

2025 жылы:

  • Кербұлақ ауылында – 8,16 км жол жөнделді, барлығы 19 көше;
  • Сарыбұлақ ауылында – 9,25 км жол жөнделді, барлығы 14 көше;
  • Ақөзек ауылында – 4,08 км жол жөнделді, барлығы 6 көше;
  • Қосқұдық ауылында – 7,74 км жол жөнделді, барлығы 8 көше;
  • Шеңгелді ауылында – 5,7 км жол жөнделуде, барлығы 11 көше.

 

 

Дата публикации
31 августа 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

31 августа 2026
Көлік және автомобиль жолдары
31 августа 2026
**Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
07 августа 2026
Жер қатынастары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы