«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы.

Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес
«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.

Мемлекеттік қызмет қалай алынады?

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетеді.

Қызмет көрсетушіге ұсынылатын қажетті құжаттар:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығы туралы акт немесе жер-кадастрлық жоспар).
  3. Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) туралы жасалған шарттың көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

10 (он) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

Электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз жүзінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қызмет көрсетушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешімі және жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының жасалуы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда):

Тегін.

Қызмет көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі:

  1. Қызмет көрсетуші – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда;
  2. Портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері берілген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мына жерлерде орналастырылған:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz;
  2. порталда.

Мекенжай: "Шеңгелді ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ, Алматы облысы,Қонаев қаласы,Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, №34.               Телефон: 8/772/72/71338

Дата публикации
10 февраля 2026