Шеңгелді ауылдық округінің әкімі М.Ө.Жазиевтің
«Шеңгелді ауылдық округінің 2024 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2025 жылға арналған міндеттері туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын Шеңгелді ауылдық округінде орналасқан мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда, тұрғындар арасында қызу талқылауда. Жолдаудың бес бөлімі де Қазақстан халықысы үшін үлкен мәнге ие.
Бюджет
Шеңгелді ауылдық округінің салық түсімдері жылдық жоспар бойынша 23 млн.140 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың мамыр айында салық түсімдерінің өзгеруімен 24 млн. 186 мың теңге ұлғайды. Қазан айында салық түсімдері 7 млн. 570 мың теңгеге ұлғайтып, ауылдық округтің барлық салық түсімдері 54 млн. 896 мың теңгені құрайды. 2024 жылдың 24 желтоқсанына салық түсімдері 56 млн 715 мың теңгені құрады, жоспар 100% орындалады.
2025 жылға қойылған мақсаттар:
Ауыл шаруашылығы
Бүгінгі күні ауылдық округтің экономикалық даму бағытының негізі мал және егін шаруашылығы болып келеді. Мал санының санағы бойынша ірі қара мал саны - 10080 бас, ұсақ мүйізді мал 49800 бас, жылқылар – 2490 бас, құстар - 8724.
Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округінде егістік алқабы 14812,0 га құрайды. 2024 жылы көктемгі дала жұмыстары бойынша 8 050,4 гектар жер игерілді, оның 5909,8 га заңды тұлғалар есебінен, шаруа қожалықтарымен 2068,0 га, үй жайлар есебінен 72,4 га.Оның ішінде: жоңышқа – 744,1 га, арпа – 1 791,75 га, дәнге арналған жүгері – 1 027,04 га, көкжидек – 5 га, пияз – 511 га, қауын-қарбыз – 289,2 га, көкөніс –529,2 га, қант қызылшасы – 241 га, соя – 533 га, жаздық бидай – 55 га, күздік бидай – 200 га, мал азықтық шөптер – 2 030,5 га, картоп – 93,6 га.
Шеңгелді ауылдық округі бойынша 55 га бидай өнімі жиналып, 82 тонна өнім алынды. 1 791,7 га арпадан 2 596 тонна өнім жиналды. 1 027,4 га жүгері толығымен жиналып, 9246,6 тонна алынды. Картоп өнімі 93,6 га жиналып, 2340 тонна өнім алынды. Пияз 511 гектардан 17000,0 тонна өнім алынды. Бақша дақылдары толығымен 289,2 га жиналып, 4 974 тонна өнім алынды. Бүгінгі күні 225 га қант қылшасы жиналуда.
511,0 гектар жерге пияз өнімі егілген (7 ЖШС, 1 СПК, 16 ШҚ). Пияз жинау тамыз айының 15 басталды, негізгі жиын қазан айында жүзеге асырылды. Жиналған пияз 511 гектарды құрады, 17000,0 тонна өнім алынды, орташа түсім 1 га 38,1 тоннаны құрады.
Жыл басынан бері сомасы 138,4 млн.теңгеге 9 ауыл шаруашылық техникасы (тракторлар) сатып алынды. Оның 4 данасы ҚазАгроҚаржы АҚ арқылы сомасы 56,0 млн.теңгеге лизингке алынды. Өз қаражаттары есебінен сомасы 82,8 млн.теңгеге 5 трактор сатып алынды.
Шеңгелді ауылы көктемгі дала жұмыстары бойынша 129,0 тоннаға өтінім беріліп, қолданылды. Күзгі дала жұмыстарына 119,1 тонна дизель отынына өтінім берілді. Дизель отынын қоймадан тарату операторы «Петрофон» ЖШС болып белгіленді, қазіргі уақытта шаруалармен 40,0 тонна дизель отыны алынды.
2024 жылы Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтары 2600,0 тонна тыңайтқыш алып, пайдаға асырды.
Шеңгелді ауылдық округі бойынша 14 шаруа қожалығы 900,4 га егістік алқабына су үнемдеу технологияларын пайдаланады. 117 гектары жаңбырлатып және 783,4 га тамшылатып суғарылады.
2022 жылғы 5 қазандағы №274/10/22 келісім-шарт, жалпы сомасы 8905,964 млн теңгені құрайтын бас мердігер «TOLAGAI-2050» ЖШС-сі Шеңгелді ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылының №5 аспалы сорғы станциясына бекітілген суармалы аумақтың су тарату жүйелерін қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында мемлекеттік инвестициялар есебінен «TOLAGAI-2050» ЖШС-сі мердігері суару желілерін реконструкциялау бойынша құрылыс –монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады, суару алаңы 1716,3 га құрайды. 2024 жылға НФ-1 450,0 млн. теңге, РБ- 145,0 млн. теңге бөлінген, игерілгені 1 312.9 млн. теңге. Жалпы нысанды аяқтауға 6 011,0 млн қажет. «Алматы облыстық құрылыс басқармасы» ММ - тапсырыс берушісі құрылысты аяқтау үшін бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім жоғары органға жолданды.
Шеңгелді ауылдық округінде барлығы 5 су беруші және 125-тен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жұмыс атқаруда. (Барлығы 9 НС тіркелген, оның ішінде 5 НС жұмыс істейді. Кешенді даму жоспары шеңберінде «Шеңгелді массивінің суару желілері мен сорғы станцияларын қайта жаңарту» жобасы бойынша жобалау жүргізілуде № 1, 4,6).
2024 жылға қазіргі таңда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ӘКК-ға, қаржылай несиеге, 12 жеке үміткер, 1 АШӨК құжат тапсырды. Оның біреуі Біләл Күлинұр 8 млн 500 мың соммасында қаржылай несиені алды. Қалған азаматтардың құжат өтінімдері қарастырылуда. Өтінімдердің жалпы сомасы 115 млн 597 мың тг.
Абаттандыру
Шеңгелді ауылының арық желілеріне бюджет есебінен 28 млн 524 мың теңге бөлініп, 2024 жылдың 20 сәуірінде "New Qaz Construction" ЖШС-мен келісімшар жасалды, елді мекеннің 1200 метр арық жесісіне науалар орнатылды.
"ALEM QURYLIS" ЖШС-мен келісімшарт жасалып, 6 млн 173 мың теңгеге Кербұлақ ауылына Воркаут алаңы орнатылды.
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы аясында бюджет есебінен 4 млн 368 мың теңгеге Сарыбұлақ ауылында воркаут алаңы орнатылды. Мердігер "Construction Build KZ" ЖШС-сі.
Сонымен қатар, "Базарбаев" жеке кәсіпкерімен келісімшарт жасалып, 2 млн 344 мың 111 теңгеге ағымдағы жылдың мамыр айында Шеңгелді ауылдық окугінің елді мекен көшелеріндегі ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізілі.
"ALASH-ORDA.KZ" ЖШС-мен келісімшарт жасалып, 10 млн 080 мың теңгеге округ елді мекендерінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Шеңгелді, Кербұлақ, Сарыбұлақ, Қосқұдық ауылдарында 20 заңсыз төгілген тұрмыстық қатты зат қалдықтарының орны тазаланды.
2024 жылдың маусым айынан бастап желтоқсан айының соңына дейін "LeaderҚұрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен келімімшар жасалып, 20 млн теңгеге округ елді мекендерінің көше жарықтандыру желілеріне ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
2024 маусым айында "Есик Технология Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 18 млн 341 мың 096 теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылының М.Өзтүрік, Астана, Қ. Рыскұлбеков көшелеріне (ұзындығы 2000 метр болатын) электр бағандарымен желілерін орнатып, қуаттылығы 160 кВА ТП-2544 күштік трансформаторына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың шілде айында "Elcom Energy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 19 млн 2665 мың теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылындағы Бейбітшілік, Алдабергенова, Тәуелсіздік көшелеріне, ұзындығы 1000 метр болатын электр желілерін және қуаттылығы 160 кВА күштік трансформатор орнатты.
2024 жылдың қазан айында "ЕР-НУР СТРОЙ и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 31 млн 510 мың 234 теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылындағы Жиенқұлов көшесіне ұзындығы 1260 метр болатын жаяу жүргіншілер жолын орнатты.
2024 жылдың қазан айында "PRO STROY NS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 40 млн 739мың 700 теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылының Айымбетов көшесіне ұзындығы 1500 метр болатын жаяу жүргіншілер жолын орнатты.
2024 жылдың қазан айында "ReConstruction LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 6 млн 699мың 890 теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылына балалар ойын алаңы орнатылды.
2024 жылдың шілде айында "ABADAN CORPORATION"жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 21млн 068 мың 244 теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылының Қайнар ықшам ауданына шағын футбол алаңы орнатылды.
2024 жылдың желтоқсан айында Доспаева жеке кәсіпкерімен 1 млн 650 мың теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылына Шеңгелді ауылының ауылшаруашылығы жануарларына арналған бөлініс алаңы орнатылды.
Шеңгелді ауылының М.Өзтүрік, Ташенов, Қонаев, Құлым баба, Жұмабаев, Асқаров көшелеріне электр желісін тартып, трансформаторлық қосалқы станциясын монтаждау жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сату-сатып алу порталына конкурс жарияланды.
Шеңгелді ауылының батыс бөлігін суарылмалы сумен қамтамасыз ету мақсатында «Халықтың суару қажеттіліктері үшін Шеңгелді өзенінің суын пайдалану» объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін 2024 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сату-сатып алу порталына конкурс жарияланды.
Аталған 2 жоба өтпелі болғандықтан, жеңімпаздар анықталғаннан кейін, жұмыстар 2025 жылы аяқталатын болады.
Жолдар
2024 жылдың қараша айында "DRT Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 30 млн 800 мың теңгеге келісімшарт жасалып, Шеңгелді ауылдық округі елді мекендерінің автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
Жылыту маусымы
Шеңгелді ауылдық округі елді мекендерде орналасқан әлеуметтік нысандар мен тұрғындардың қысқы жылыту мерзіміне дайындық жұмыстары толық жүргізілді. Округ бойынша сұйық отынмен жылытатын 8 мекеме (5 орта мектептер, Мәдениет үйі, Дәрігерлік амбулатория, «Ақ-бота» балабақшасы) бар.
Биылғы тиесілі сұйық отынның көлемі 321,2 мың литрді құрайды. Жалпы округ бойынша мекемелердегі сұйық отын сиымдылығы 117 мың литр. Қазіргі таңда мекемелерге 128,3 мың литр сұйық отыны жеткізілді. Қалған сұйық отынды кестеге сәйкес жеткізілетін болады. Округ бойынша 1900 ден астам үй мен пәтерлер қатты отынмен жылытады.
Округ бойынша жылыту маусымына 6000 тонна қатты отын қажет. Қазіргі таңда үйлер мен пәтерлерге шамамен 3800 тонна қатты отын жеткізілді. Округ бойынша қатты отынды жеткізу үшін 10 жүк көлігі тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Көбіне қатты отын Қосқұдық станциясы және Қонаев қаласынан жеткізіледі. Қазіргі таңда Қосқұдық станциясының көмір бекетінде жалпы көлемі 200 тонна қатты отын сатылымда бар, оның ішінде Қаражыра сұрыпты көмір отыны (бекеттегі сатылым бағасы – 20500 теңге, округ елді мекендеріндегі шұбаркөл сұрыпының сатылым бағасы – 28 мың теңгені құрайды)
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында округте 2 дәрігерлік амбулатория, 3 медициналық пункт, 1 жедел жәрдем пункті жұмыс істейді. Кербұлақ, Сарыбұлақ Қосқұдық ауылында блоктық-модульдік кешен қолданысқа беріліп, фельдшерлік-акушерлік пункт жаңа ғимаратқа көшірілді.
Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен Шеңгелді ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарының толық аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Мәдениет және спорт
Мемлекетіміздің атаулы мерекелері Шеңгелді ауылының мәдениет үйінде концерттік бағдарламалар қойылып, барлығы 91 іс – шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Жастар арасында спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл бойы түрлі спорт түрлерінен 29 спорттық іс – шаралар ұйымдастырылды.
Халықты жұмыспен қамту
Әлеуметтік сала және қайырымдылық
Шеңгелді ауылдық округі бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға 46 адам жұмыспен қамтылды.
Жеңіс күні, Наурыз мерекесі, Құрбан айт мерекесі күніне орай округтің тыл ардагерлеріне, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасыларына көмек көрсету мақсатында 3 қайырымдылық акциялары өткізілді. Акция барысында азық – түлікпен–24 отбасына көмек көрсетілді.
Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты ММ-нің ұйымдастыруы және «A.D.P Trade» ЖШС «Фирма Алтай» ЖШС-нің қолдауымен Шеңгелді ауылдық округінің тұрғындарына 8 отбасыға қатты отынмен (11 тонна көмір) көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, қарттар күніне және жағдайы төмен отбасыларға «Байтерек агро сервис» ЖШС 7 тонна картоп, «Баур» ШҚ 1,7 тонна пияз таратты.
Іске асырылып жатқан қайырымдылық жобалар шаруа қожалықтарының, ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің және округ тұрғындарының демеушілігімен көрсетіліп отыр.
Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты ММ-нің ұйымдастыруы мен «Мектепке жол Акция» аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 20 оқушыларға сөмке қалам, дәптер оқу құралдары және 2 оқушының мектеп формасы мен спорт киімі, аяқ киімі тағы басқа керек оқу құралдарымен қамтамсыз етілді.
Жылыту маусымы
Шеңгелді ауылдық округі елді мекендерде орналасқан әлеуметтік нысандар мен тұрғындардың қысқы жылыту мерзіміне дайындық жұмыстары толық жүргізілді. Округ бойынша сұйық отынмен жылытатын 8 мекеме (5 орта мектептер, Мәдениет үйі, Дәрігерлік амбулатория, «Ақ-бота» балабақшасы) бар.
Биылғы тиесілі сұйық отынның көлемі 321,2 мың литрді құрайды. Жалпы округ бойынша мекемелердегі сұйық отын сиымдылығы 117 мың литр. Қазіргі таңда мекемелерге 128,3 мың литр сұйық отыны жеткізілді. Қалған сұйық отынды кестеге сәйкес жеткізілетін болады. Округ бойынша 1900 ден астам үй мен пәтерлер қатты отынмен жылытады.
Округ бойынша жылыту маусымына 6000 тонна қатты отын қажет. Қазіргі таңда үйлер мен пәтерлерге шамамен 3800 тонна қатты отын жеткізілді. Округ бойынша қатты отынды жеткізу үшін 10 жүк көлігі тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Көбіне қатты отын Қосқұдық станциясы және Қонаев қаласынан жеткізіледі. Қазіргі таңда Қосқұдық станциясының көмір бекетінде жалпы көлемі 200 тонна қатты отын сатылымда бар, оның ішінде Қаражыра сұрыпты көмір отыны (бекеттегі сатылым бағасы – 20500 теңге, округ елді мекендеріндегі шұбаркөл сұрыпының сатылым бағасы – 28 мың теңгені құрайды)
Санитарлық тазалыққа қатысты
Санитарлық тазарту және абаттандыру бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады. Шеңгелді ауылдық округінің тұрғындарына 2024 жылдың наурыз айынан бастап, санитарлық тазалау жұмыстарын жасау, арық желілерін тазалау керектігі туралы хабарландырулар таратылды. Наурыз айының басынан округтің әр елді мекенінде ауыл тұрғындарының қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде сенбілік өткізіліп, округ аумағындағы өзен арналары, көшелері, ескерткіштар аумағы және саябақтарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге округ тұрғындары белсене қатысты.
Сонымен қатар, Алматы-Өскемен тас жолы Шеңгелді ауылының аумағынан өтетін бөлігіне қоғамдық-ақылы жұмысшылардың күшімен тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Округ әкімі М.Жазиев