«Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының 35 бабына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 5 тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары»  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығына сәйкес:

  1. «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  3. Коррупциялық тәуекелдерді ішкі талдаудың мәні коррупциялық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларының 8 тармағында көрсетілген бағыттар болып белгіленген.
  4. Осы өкімнің тіркелген күнінен бастап, коррупциялық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізілуінің мерзімі 3 жұмыс күні болып белгіленсін.
  5. Талданатын кезеңі 2025 жылдың 06 қаңтардан бастап 2025 жылдың 30 желтоқсанға дейін.
  6. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде округ әкіміне талдау жазбасын ұсынсын.
  7. Осы өкімнің орындалуының бақылауын өзіме қалдырамын.
Дата публикации
08 сентября 2026