Жұмыстың негізгі бағыты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара арақатынас саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру болып табылады.
Негізгі міндеттері:
1) діни ахуалға талдау және мониторинг жүргізу және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
2) конфессияаралық келісімді және мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын нығайту, Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын бақылау;
3) Шеңгелді ауылдық округі аумағында дін мәселелерін зерттеу.
Округте 2 мешіт жұмыс істейді. Сондай-ақ тұрғындар арасында деструктивті діни ағымдардың шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Шеңгелді ауылындағы мешіт 1993 жылы ашылған. Сыйымдылығы 120 адам.
Кербұлақ ауылындағы мешіт 2013 жылы ашылған. Сыйымдылығы 100 адам.