
Шенгелді ауылдық округі мен жақын маңдағы елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған. Жобаның жалпы құны – 118 000 млн тенге, ғимаратың жалпы ауданы 345 м². Бекет аумағы 0,4 га құрайды.
ДЭПО Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылдық округі, Шеңгелді ауылы Мақатаев көшесі №14 учаскісінде орналасқан. «Халық үшін» қайырымдылық қоғамдық қорының демеушілігімен өрт сөндіру техникасына арналған ДЭПО құрылысы 2025 жылдың наурыз айынан бастап жүргізілді.
Өрт сөндіру бекеті 18 қызметкерге жұмыс атқаруға жобаланған. Өрт сөндіру бөлімшесі 2 бірлік техникамен қамтамасыз етілген, техника қауіпсіздігі бойынша журнал, инвентаризацияға сәйкес барлық жабдықтар бар. Өрт сөндіру бекеті Шеңгелді ауылдық округі аумағында орын алған өртті сөндіруге дайын.