
Округте 1 дәрігерлік амбулатория және 4 медициналық пункт жұмыс істейді.
Шеңгелді ауылдық амбулаториясы 1970 жылы салынған. 2024 жылдың сәуір айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амбулаторияда 24 медицина қызметкері жұмыс істейді: 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, жоғары санатты терапевт-дәрігер, жоғары санатты педиатр-дәрігер, сондай-ақ тіс дәрігері, гинеколог, хирург және травматолог. Дәрігерге дейінгі кабинет және жеке фильтр-кабинет бар. Пандемия кезеңінде ауыл тұрғындары ауылдық амбулаторияда вакцинациядан өтіп, ПТР-тест тапсыра алатын. 2 фельдшер мен 2 жүргізушіден тұратын мобильді бригада жұмыс істейді.
Кербұлақ ауылындағы медициналық пункт 2023 жылы салынған. 1 дәрігер және 4 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Сарыбұлақ ауылындағы медициналық пункт 2023 жылы салынған. 2 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Ақөзек ауылындағы медициналық пункт 1985 жылы салынған. 2 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Қоскүдік станциясындағы медициналық пункт 2023 жылы салынған. 2 медицина қызметкері жұмыс істейді.
2025 жылы туғандар саны 109 адамды, қайтыс болғандар саны — 20 адамды құрады.