
Шеңгелді ауылдық округінде 5 білім беру мектебі, 2 балабақша бар. Олардың ішінде:
1) Қадырғали Жалайыр атындағы № 6 орта мектеп, Шеңгелді ауылы. Салынған жылы-1964 жыл. Жобалық қуаты - 880 орынға есептелген. 2022-2023 жылдарға арналған оқушылар контингенті - 948. Мектеп жанында шағын орталық бар( мектепалды даярлық тобы), балалар саны - 77.
2) Кербұлақ ауылының № 7 орта мектебі. Салынған жылы-1984 жыл. Жобалық қуаты-640 орынға есептелген. 2022-2023 жылдарға арналған оқушылар контингенті - 124. Мектеп жанында шағын орталық бар (мектепалды даярлық тобы), балалар саны - 25.
3) Сарыбұлақ ауылының № 8 орта мектебі. Салынған жылы-1993 жыл. Жобалық қуаты - 694 орынға есептелген. 2022-2023 жылдарға арналған оқушылар контингенті - 372. Мектеп жанында шағын орталық бар( мектепалды даярлық тобы), балалар саны - 25
4) Қосқұдық ауылы № 9 орта мектебі. Салынған жылы- 1952 жыл. Жобалық қуат 160 орынға арналған. 2022-2023 жылдарға арналған оқушылар контингенті- 80.
5) Ақөзек ауылының № 10 орта мектебі. Салынған жылы-2017 жыл. Жобалық қуаты 120 орынға есептелген. 2022-2023 жылдарға арналған оқушылар контингенті - 88.
Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы 2009 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ашылып, ондағы 6 қазақ тобында 150 бала тәрбиеленуде. Балабақша педагог – мамандары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасымен жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі ұйымда балаларды жалпы азаматтық рухани құндылықтарға сәйкес келетін жеке басының мәдениетіне тәрбиелеу арқылы жан-жақты дамыту жолында жаңа технологиялық үрдістерді қолдануда. 2011 жылдың тамыз айында 6 жас маман келді. 2013 жылы 1жас маман келді. Балабақшада 17 педагог мамандар жұмыс жасайды. Олардың жоғары білімді – 10, арнайы орта білімді – 7, жоғары санатты – 0, бірінші санатты – 0, педагог-сарапшы -1, екінші санатты – 7, педагог-модератор-1, санаты жоқ-8.
Балабақша 2013 жылы облыстық «Ең үздік балабақша» байқауына қатысып ІІ орын иеленді;
2016 жылы Республикалық «Үздік ауылдық балабақша» байқауынан ІІ орын иеленді.
Ата – аналармен жұмыс жасау барысында балалардың сапалы білім алуы, денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі жайлы туындаған әлеуметтік – педагогикалық және медициналық сұрақтарға кеңестік пункт қызметкерлері тиянақты кеңес береді. Сондай–ақ мектеп жасына дейінгі балаларды диагностикалау, олардың тәрбиесін түзету және дамыту мәселелері бойынша балабақша меңгерушісі, медбике, психолог және әдіскер туындаған мәселелерді шешу жолында жұмыс атқаруда. Балабақша бойынша өзге ұлт ата – аналармен жұмыс жоспар бойынша іс – шаралар өткізіліп, өзге ұлт балаларына үйірмелер ашылып, жұмыс жасайды. Балабақшада ата –аналармен «Асық ату», «Ханталапай» атты спорттық сайыс және «Шаңырақ сайысы», ІІ кіші «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық іс – шара ұйымдастырылады. Психолог И.Жолдас ата – аналармен жұмыс жасау барысында сауалнама, анкета, ерекше балалардың ата – аналарымен жұмыс жоспар бойынша жүргізеді. Жыл сайын үрдіс алған балабақша ішінде «Үздік топ ауласы» атты байқау ұйымдастырылады. Байқауға 6 топ тәрбиешілері мен ата – аналарының бірлесіп жасаған көгалдандыру, топ ауласын және балабақша аумағын табиғатқа керексіз заттарды пайдалана отырып безендіру жұмыстарын бірлесе отырып жасайды. Байқауда үздік белсенділік танытқан топтар 1,2,3 орындармен марапатталып, сый – сыяпаттар таратылады. Ал, «Үздік топ ауласы» байқауына белсене қатысқан ата – аналарды № 2 Жалпы ата – аналар жиналысында Құрмет Грамоталарымен марапатталады. Ата-аналармен өткізілген іс-шаралар ата-аналар тәрбиешілер мен балалар ұйымын құруға көмектесті. Ата-аналар меркелік ертеңгіліктерге, ойын –сауықтарға, спорттық шараларға қызығушылықпен қатысып, өз ризашылықтарын білдіруде.
«Көркемай» мемлекеттік – жекеменшік балабақшасы Алматы облысы, Қонаев қаласы, Кербұлақ ауылы, Солнечная көшесі №83 орналасқан. Балабақша 2018 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Балабақшамызда 3 топ бар. Жалпы бала саны – 70.
Меңгеруші – 1, шаруа ісі жөніндегі орынбасары – 1, тәрбиешілер саны – 6, тәрбиешілер көмекшісі – 3, мейірбике -1, аспазшы – 1, әр түрлі жұмыс атқарушы – 1.