Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет

Мәдениет – адамзаттың айнасы

 

Мәдениет – халық өмірінің жарқын көрінісі, айнасы. Адам бойындағы мәдениеттілік –оның тәрбиесімен қатар, қоғамға деген құрметінен байқалады. Айналаңа нұр шуағын шашып, жылы сөздермен көңіл-күй сыйлау баршамызды қуантары сөзсіз. Ал, қоғамдағы мәдениеттілік деген атаудан не түйеміз? Әрбір аймақтың қызмет барысымен қатар тең жүретін іс-шаралар ол мәдени сала. Яғни, халықпен біріге атқарылатын жұмыс. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде мәдениет саласы қарқынды дамып, оның жандануына түрлі қызметтер атқарылып жатыр. Сондай ұйымның бірі, Шеңгелді ауылының  мәдениет үйін ауыз толтыра айта аламыз. Итемгенова Толқынай Жұпарбекқызының басшылығымен жұмыс жасап келе жатқан мәдениет үйі жыл сайын ауыл жұртшылығының ықыласына бөленуде.

         Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің құрылысы 1987  жылы пайда болған. 220 орынды көрермен залымен қатар, 100 орынды кіші залы бар. Одан бөлек ғимарат ішінде кітапхана мен түрлі үйірмелер өткізетін орындары да жетерлік. 2010 жылы күрделі жөндеу жұмысынан өткен бұл саланың бүгінгі көрінісі таңдай қағарлықтай. Себебі ауыл тұрғындары мәдениет ошағының көзі болып отырған мекемеге ризашылықтарын білдіруде. Мереке қарсаңында өткізіліп отыратын түрлі іс-шараларға халық қошеметпен жиналады. 2026 жылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

         Мәдениет үйінің бүгінгі  таңдағы  жұмысы тілге тиек етерліктей. Қазіргі кезде төрт үйірме жұмысы, атап айтсақ Г.Ержанованың жетекшілігімен би үйірмесі, М.Мұхамеджановтың жетекшілігімен домбыра үйірмесі, Қ.Жакуповтың жетекшілігімен эстрада үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысушылар саны - 70. Одан бөлек, 2010 жылы бастау алған  Р.Қ. Медеубаев, Қ.Ж. Жакупов, Б.С. Сегізбаев сынды азаматтардың бірігуімен «Шеңгелді триосы» ансамблі қызмет атқарады,  жетекшісі Р.Қ. Медеубаев. Сонымен қатар А.Адамбекқызы, Ж.Нысанбайқызы А.Қасенқызы, С.Мақтапқызы, Б.Абдыманатқызы сынды құрамнан құрылған «Асыл әжелер» ансамблі де бар, жетекшісі Х.А.Макулбекова. Осындай өнерлі азаматтар мен азаматшалардан құрылған мәдени орда барлық мерекелік кештерде ауыл тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлап, халықтың қошеметіне бөленіп, алғысын алуда.

         Аталмыш мекеме тек мерекелік кештермен ғана шектелмей, халықпен бірге игі іс-шаралар да өткізіп келеді. Мәселен, 2025 жылы 104 мәдени іс-шаралар атқарылды. Ал,үстіміздегі жылы “Асыл әжелер” ансамблі және «Трио» ансамблінің       “Сазбен сырласқан жандар”атты кешін көрші ауыл-аймақтарға гастрольдік сапармен концерт беру жоспарда бар. 2027 жыл мәдениет үйінің 40 жыл мерейтойына орай ауқымды есеп беру шарасы өтеді.

         Осындай түрлі шараларды өз деңгейінде өткізіп, оның жоғары сапада атқарылуына бар жағдайды жасап, ұйымшылдық пен ауызбіршілікті ұштастыра білген,  қызметтестерінің алдында абыройы биік мекеме басшысы Толқын Жұпарбекқызының еңбегін атап өтуге болады. 39 жылдан астам тарихы бар мәдениет үйіне 10 жылдық ғұмырын арнаған Толқын ханым, бұл саланы өзіне толықтай жетік меңгере білді. Жамбыл өңірінің тумасы, бойында өнерге деген сүйіспеншілігі басым, үрмелі аспап флейтаны аса шеберлікпен орындап әсем дауысымен елді елең еткізген Т.Жұпарбекқызы халық алдындағы еңбегі басым. Қызмет барысында да әріптестерімен жұмыла жұмыс атқарып келе жатқан басшының бәріне бірдей ортақ талабы –ауызбіршілік пен сыйластық.

Қонаев қаласының мәдени іс-шараларына да Шеңгелді ауылының мәдениет үйі қызметкерлері де белсене ат салысуда. Мерекелік кештер, түрлі мәдени сайыстар, ауыл-аймақтық мәдени жобаларға қатысып, шығармашылықтарын шыңдауда. Сондықтан Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі мен ауыл жұртшылығы кеңінен өсіп, өркендеуіне тілектес екенін білдіреді.

 

Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылындағы Ленин көшесі, №22 мекенжайында орналасқан мәдени-демалыс клубы Қонаев қаласы әкімдігі аппаратының тапсырысы негізінде күрделі жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда ғимаратта 11 кабинет орналасқан. Мұнда спорт залы, кітапхана және би кабинеті жұмыс істейді. Қонаев қаласы әкімдігінің теңгерімінде болған мәдени-демалыс клубы қазіргі уақытта Қонаев қаласының Мәдениет, спорт және тілдерді дамыту мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілген.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Мәдениет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы