Су тасқынынан зардап шеккенде тұрғын үйдің меншік құқығын растайтын механизмдер әзірленді

Су тасқынынан зардап шеккенде тұрғын үйдің меншік құқығын растайтын механизмдер әзірленді

Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны барысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Жергілікті жерлерде үкіметтің мобильді бригадалары жұмыс істейді, егер құжаттар болмаса, оларды тезірек рәсімдеуді қамтамасыз етеді. Егер бұл мүмкін болмаса, онда ол 2-3 куәгердің және ЖАО тұрғын үй комиссиясының көмегімен расталады. Онда тұратын адамдар емханаларда тіркелген, балалар мектепке барады. Құжаттары түгел болмаса да, біз әлеуметтік органдардың ақпаратына сүйене отырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету түрінде көмек көрсету туралы шешім қабылдаймыз (жергілікті атқарушы орган жасайды)», - деді министр.

Оның айтуынша, су басқан аймақтарда 12 мыңға жуық тұрғын үй болған. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар үйді жөндеуге бола ма, жоқ па, әлде басқа тұрғын үй беріле ме, осы мәселелер бойынша техникалық тексеру жүргізілуде.