Салықтар мен несиелік міндеттемелер бойынша преференцияларды кім және қалай ала алады?

Салықтар мен несиелік міндеттемелер бойынша преференцияларды кім және қалай ала алады?

Қаржы министрлігінің жауабы Су басқан аймақтарда тұратын жеке тұлғаларға салық төлемдері кейінге қалдырылады. Бұл, ең алдымен, мүлік, жер және көлік салықтарына қатысты.

«Салық төлеу 2024 жылғы 1 шілдеге дейін үш айға кейінге қалдырылды», - деді қаржы министрі Мәди Такиев «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында.

Егер 1 наурызға дейін берешек болса, оған өсімпұл есептелмейді, сәйкесінше айыппұл да болмайды деп түсіндірді министр.

Бұл ретте бизнеске ешқайда барудың қажеті жоқ, өйткені Министрлік барлық мәліметтерді жергілікті атқарушы органдардан алады.