Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетігі түсіндірілді

Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетігі түсіндірілді

Қазақстан Үкіметінде су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктері түсіндірілді. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға үйде қолданатын заттарды өтеу бойынша қосымша көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды. Бұл тоңазытқыш, ас пісіруге арналған пеш, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сондай-ақ сумен жабдықтау және жылыту құралдары.

Өтеу жергілікті жерлердегі әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізіледі. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК (553 800 теңге) аспайтын мөлшерде өтеледі.

"Тұрғындар мүліктің зақымдану сипатына қарай: біреу 150 АЕК, біреу 50 немесе 80 АЕК және т.б. ала алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыларға төленетін 100 АЕК біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын", - деді ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.