
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, егер су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылса, Үкімет екі тетікті бекіткенін айтты.
"Әкімдіктердің шешімі бойынша осы өңірде зардап шегушімен келісілген таңдау бойынша пәтер сатып алынады немесе біз тұрғын үйді қайта саламыз. Бұл осы тетіктің икемділігін барынша қамтамасыз ету және адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жеделдету үшін жасалады. Сатып алу құрылысқа қарағанда жылдамырақ екені анық. Жалпы, міндет қысқа мерзімде тұрғын үй салу және жазғы маусымда барлық адамдарды мүмкіндігінше тұрғын үймен қамтамасыз ету" , ― деді Қанат Шарлапаев.
Ол су басу аймақтарында тұрғын үйді қалпына келтіру жоспарланбағанын атап өтті. Жаңа тұрғын үй су тасқынынан қауіпсіз жерлерде салынады.
"Су басу орындарында тұрғын үйді қалпына келтіруді біз қолдамаймыз. Егер адамның өзі тұратын жерде қалғысы келсе де, біз су тасқыны аймағында тұрғын үйді қалпына келтірмейміз, өйткені іс жүзінде бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Мұндай жағдайлар бар. Біз болашақта су тасқыны күтілмейтін жерде тұрғын үйді қалпына келтіреміз", - деді Қанат Шарлапаев.
Министр тұрғын үй қорытындысы мен техникалық куәландырудан кейін әкімдік жөндеуді өтеуге ақшалай қаражат бөлетінін немесе жөндеуді жергілікті атқарушы органдар таңдаған құрылыс компаниясы әкімдік есебінен жүргізетінін айтты.