ҚМА су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағаның өсуіне жол бермеуге ниетті

ҚМА су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде бағаның өсуіне жол бермеуге ниетті

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов еліміздің су басқан өңірлерінде азық-түлік, ауыз су, дәрілік заттар және басқа да қажетті заттардың бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды.

"Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару керек. Азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар құнының мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырамын", - деді Дмитрий Малахов.

ҚҚА басшысы құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық қаупін де жоққа шығарған жоқ.

"Әкімдіктерді бағаның негізсіз көтерілу белгілері туралы хабардар етіңіз және ықтимал манипуляцияларды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізіңіз", ― деп тапсырды Дмитрий Малахов.