
Су тасқынынан зардап шеккендерге 300 миллион теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл жергілікті әкімдіктің соңғы мәліметі.
Басқа облыстардың тұрғындары да бір отбасына 369 200 теңгеден ақшалай өтемақы алады.
Бұл ретте комиссия су тасқынынан келген шығынды есептеуді жалғастыруда. Үйлері тұруға жарамсыз деп танылғандарға жаңа үйлер салынады.
Қаражаттың бір бөлігі Үкімет резервінен, екінші бөлігі жергілікті бюджеттен бөлінген.
Материалдық залалды өтеу туралы комиссияға 3 мыңнан астам өтініш түскен, бұл тек Ақтөбе облысы бойынша. Өтініштердің басым бөлігі қаралып, жауапты тұлғалар жергілікті жерлерде үйлердің жағдайын бағалаған.
Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде 126 тұрғын үй қираған, 1000-нан астамы су астында қалған деп танылды.
Сонымен бірге ақтөбеліктер мемлекеттен бір реттік материалдық көмек ала бастады. Алдын ала есеп бойынша, үш мың адамға миллиард теңгеге жуық төлем жасалады.