Қазақстанға қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға бағытталды

Қазақстанға қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға бағытталды

Бас прокуратураның хабарлауынша, премьер-министрдің басшылығымен арнайы комиссияның соңғы отырысының нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 24 млрд теңгеге активтер тартылды.

"Активтерді қайтару комитеті Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес аталған ақшалай қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталған", ― делінген қадағалау органының хабарламасында.