Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау

Барлық жұқпалы аурулар ауруханалары мен медицина қызметкерлері толық дайындықта. Жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі адамдар ерекше бақылауда тұр. Медициналық ұйымдардың базалары мен «Фармация» СК өңірлік қоймаларында шоғырландыру жоспарланатын зарасыздандыру құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталуда.

Зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаториялық-курорттық ұйым анықталды. Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін созылады, бұл мүмкіндігінше көп зардап шеккендерді санаториялық-курорттық емдеумен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Кәсіподақтар федерациясы халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарды сауықтыру үшін республиканың 7 шипажайынан 164 орын бөлді.

1 мамырдан бастап тұрғындарға білікті тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету   үшін «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылады. Су тасқыны жағдайын ескере отырып, медициналық пойыздың қызметі зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамтитын болады.

Дата публикации
20 апреля 2024
Дата обновления
20 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

18 июня 2024
Call-орталықтар бойынша ақпарат
26 апреля 2024
Су тасқынынан келген залалды өтеу жөніндегі комиссияның байланыс мәліметтері
21 апреля 2024
Қызу желі телефондары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы