Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Фермерлерді қолдау

Өлген а/ш жануарларының иелеріне өтемақы

Су тасқынына қарсы іс-қимыл Республикалық штабының хаттамасымен қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының шығынын өтеу алгоритмі бекітілді. Бұл алгоритмге сәйкес   су тасқыны салдарынан қырылған ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелері өтемақы алуға құқылы.

Иелері жергілікті жерлерде Залалды өтеу жөніндегі комиссияға хабарласуы тиіс. Комиссия мүшелері өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттар туралы нұсқаулықтар алды.

Иелену фактісі ЖАО деректер қорындағы мәліметтерді жануардың сәйкестендіру белгісімен тексеру жолымен, ал тіркеу болмаған жағдайда, куәларды тарта отырып, Залалды өтеу жөніндегі комиссияның актісімен анықталады.

Өтемақы мөлшерін өңірлік Залалды анықтау жөніндегі комиссия нарық деректерінің негізінде анықтайды.

Маңызды! Барлық өтініштерді тек қана жергілікті әкімдіктер құрған ресми Комиссияларға беру қажет. Тек осы жағдайда ғана өтемақы төленеді. Деректерді жинаумен айналысатын әртүрлі штабтарға берілген ақпарат төлем үшін негіз болып табылмайды.

Су тасқыны кезіндегі ауыл шаруашылығы тақырыбы бойынша қосымша сұрақтармен АШМ жанындағы «Қызу желіге» – 8 (7172) 573358; 87470943381 нөмірі бойынша 9:00 ден 18:30 сағатқа дейін жүгінуге болады. Сондай-ақ, pavodki_kz_bot телеграмм-боты іске қосылды (тәулік бойы жұмыс істейді).

Ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияларында алдағы егіс науқанына қажетті астық қоры жеткілікті. «Азық-түлік корпорациясы» зардап шеккен шаруаларды бөліп төлеу шартымен тұқыммен қамтамасыз етуге дайын. Тұқымға қажеттілік туындаған жағдайда шаруалар,  сондай ақ,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызу желі нөмірлері бойынша жүгінуі қажет.

 

Несиелер мен міндеттемелер

Мемлекет шаруалар мен мал иелеріне несие төлемдері мен лизингтік міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру түрінде көмек көрсетеді. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұл есептелмейтін болады.

 

А/ш жануарларына арналған жем-шөп

«Азық-түлік корпорациясынан» жем-шөпті жеткізу мал иелерінің өтініші бойынша төлем мерзімін ұзарту шартымен жүзеге асырылады. Өтініштерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы беруге болады.

 

Онлайн-жүгіну беру

eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы Материалдық зиянды (залалды) өтеу туралы онлайн өтініш

Өтініш беру eotinish.kz

Документы
НҚА жобасы
21 апреля 2024
Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы