ТЖ жарияланған қалалар мен аудандарда атаулы әлеуметтік көмекті 5 мың отбасына мемлекеттік органдарға хабарласпай-ақ автоматты түрде тағайындау жүзеге асырылды.
ТЖ режимі кезеңінде 4 мыңға жуық адамды, оның ішінде балаларды мүгедектікке қайта куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектік бойынша жәрдемақы төлемі бұрын белгіленген топтар бойынша жүзеге асырылуда.
ТЖ кезеңінде жұмыссыз тұлғалардың және жеңілдетілген жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың жалақысын жұмыс берушілерден ақпарат талап етпестен еңбек ұтқырлығы орталығы төлейді.
Су тасқынынан зардап шеккен жастарға шағын несие беру бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға шағын несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылып, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылатын болады. 2024 жылға арналған кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру кезеңінің соңына дейін келесі төлемдерге тең үлестермен бөлінеді.