Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.
Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.
Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.
25 қыркүйек күні Қарқаралы қаласында аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға Қарқаралы ауданының әкімі Саят Мусин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының бас директоры Темірхан Елшібаев және сала мамандары қатысты.
Жаңа зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын зерттеу, ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және қауіпсіздігі талапқа сай келмейтін өнімдерді анықтау бағытында қызмет атқарады.
Шара барысында қонақтар сынама қабылдау, серология және ветеринариялық-санитариялық сараптау кабинеттерінің жұмысымен танысты.
Күзгі санитарлық тазалық айлығы басталды!
Көшелерімізді, аулаларымызды және қоғамдық орындарымызды бірге таза әрі көрікті етейік. Тазалық әрқайсымыздан басталады!
Тазалық — баршамызға ортақ міндет!
Қала көркейтуге өз үлесіңізді қосып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысыңыз!
Алаяқтықтан сақ болыңыздар!
Құпия сөзіңізді ешкімге айтпаңыз!
Телефонға келген растау кодтарын да ешкімге бермеңіз.
Жеке деректеріңізді бейтаныс адамдарға хабарламаңыз.
Сақ болыңыз және өз деректеріңізді қорғаңыз!
Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер
Таза Қазақстан миллиондаған қазақстандықтарды біріктіреді және біртіндеп қоршаған ортаны құрметтеу мәдениетінің күнделікті бөлігі болып келеді.
Бұл ауқымды іс-шаралар нақты нәтижелер береді: аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыс полигондарын жою және азаматтардың шағымдарын шешу.
Миллиондаған қатысушылар
Биыл Таза Қазақстан аясында ел бойынша 500 экологиялық іс-шара өткізілді. Шамамен 6,1 миллион адам қатысты, оның ішінде 741 мың ерікті.
Шамамен 117 мың гектар жер тазартылды, 813 мың тоннадан астам қалдық жиналды. Елді мекендерді көгалдандыру аясында шамамен 1,2 миллион ағаш отырғызылды.
Қоқыс полигондары – ғарыштық мониторинг арқылы бақыланады
Заманауи технологиялар тіпті шалғай аудандарда да рұқсатсыз қалдықтар төгілетін орындарды анықтауға мүмкіндік береді. 2026 жылы ғарыштық мониторинг арқылы 2642 заңсыз қоқыс полигоны анықталды. Бүгінгі күнге дейін 2035 немесе 77% жойылды.
Қалған орындарда жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар, анықталған заңсыз қоқыс төгетін орындардың саны ұзақ мерзімді перспективада айтарлықтай азайды: егер 2018 жылы олардың саны 8,6 мыңнан асса, бүгінде бұл көрсеткіш үш еседен астамға азайды.
Азаматтар да өзгерістерге қатысуда.
«Таза Қазақстан»-ның тағы бір құралы - қоғамдастықты жақсарту мәселелерін жедел шешу үшін құрылған @TazaQazBot цифрлық қызметі.
Биыл чатбот арқылы 18 мыңнан астам сұраныс келіп түсті, оның 16 мыңнан астамы орындалды. Сұраныстар аумақты тазалау мен қалдықтарды шығарудан бастап көшелерді жақсартуға, көгалдандыруға, жарықтандыруға және жолдарды жөндеуге дейін 21 санатты қамтиды. Бүгінгі таңда қызмет eGov Mobile арқылы да қолжетімді және бүкіл ел бойынша өңделген сұраныстардың жалпы саны 50 мыңнан асты.
Нәтижелер күнделікті жұмыстан келеді.
«Таза Қазақстан» - бұл тек ауқымды экологиялық іс-шаралар ғана емес. Бұл азаматтардың қатысуын, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының жұмысын, заманауи технологияларды және цифрлық құралдарды біріктіретін жүйелік күш-жігер.
Миллиондаған қатысушылар, мыңдаған шешілген мәселелер, заңсыз қоқыс орындарының азаюы және миллиондаған ағаш отырғызу – бұл таза және жайлы өмір сүру ортасын құру бойынша біздің бірлескен күш-жігеріміздің нақты нәтижелері.
«Таза Қазақстан» қарапайым әрекеттерден басталады және нәтижелері бүкіл ел бойынша көрінеді.
«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары қала тазалығын сақтау және көркейту жұмыстарына белсене қатысып, туған қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосуда.
Жастарымызға еңбектеріңізге сәттілік, жұмыстарыңызға береке тілейміз!
Таза қала – ортақ міндет!
🏆🏃♂️🔆🏔️РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «QARQARALY BUGYLY TRAIL» МАРАФОНЫ! 🔆🏃♂️🏔️ ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР, СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМ! 2026 жылдың 25-26 шілде күндері Сарыарқаның алтын тәжі, қасиетті Қарқаралы қаласында Республикалық «QARQARALY BUGYLY TRAIL» марафоны өтеді. 🔆🏃♂️🏔️ Аудан әкімдігі және Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министрлігінің қолдауымен өткізілетін шара салауатты өмір салтын насихаттауға, Ғасыр саңлағы ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВТЫҢ 80 жас мерейтойына орай ұйымдастырылуда. 🔆🏃♂️🏔️ 25-26 шілде күндері - дүбірлі дода! Еліміздің түкпір-түкпірінен келген желаяқтар (1-5 шақырым балаларға, ересектерге 12-21-50 шақырым) түрлі қашықтықта сынға түседі. 🔆🏃♂️🏔️Сіздерді марафоншыларды қолдауға және қолөнер шеберлерінің көрмесі «BUGYLY JARMENKE» мен «МУЗЕЙДЕГІ ТҮН» шараларын тамашалауға шақырамыз! 🔆🏃♂️🏔️ Ардақты ағайын баршаңызды «QARQARALY BUGYLY TRAIL» марафонына отбасыңызбен қатысып, ғажайып рухани іс-шарадан керемет әсер алыңыздар! на руский 📲 Қосымша ақпарат алу үшін +7 775 171 1194, 📬 эл пошта https://bugylytrail.kz/?lang=kz хабарласуға болады. 🔆🏃♂️✨КЕЛІҢІЗДЕР, БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
🔥 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІНІҢ 5-СЫНЫБЫ ЖАРИЯЛАНДЫ! 🔥
Қарқаралы МҰТП аумағында ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты өрт қауіптілігінің 5-сыныбы (төтенше өрт қаупі) тіркелді.
Осыған байланысты тұрғындар мен қонақтардан орман алқаптарында және табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз:
❌ От жағуға;
❌ Темекі тұқылын тастауға;
❌ Құрғақ шөп пен қоқыс өртеуге;
❌ Жанғыш заттарды қалдыруға тыйым салынады.
Табиғатты өрттен қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Қарқаралы МҰТП әкімшілігі. 🌲🔥
#Заңжәнетәртіп
МЕЙІРХАН АДАМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘН ОРЫНДАУШЫЛАР БАЙҚАУЫ
Қазақ мәдениеті мен өнерінің ту тіккен ордасы – киелі Қарқаралыда қасиетті жеріміздің парасатты перзенті, саф алтынның сынығы, өнердің өрен жүйрігі, Арқаның қазақ ән өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков атындағы облыстық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты – Мейірхан Адамбековтің шығармашылық мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, елін, жерін, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу.
Байқауға халық әндері мен халық композиторлары Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мәди, Шашубай, Естай, Ғазиз, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Жүсіпбек Елебеков, сондай-ақ Абай әндерін ұлттық нақышпен орындауға қабілетті 16-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.
Жүлде қоры:
Бас жүлде – 1 000 000 теңге;
І орын – 500 000 теңге;
ІІ орын – 300 000 теңге;
ІІІ орын – 200 000 теңге;
Дипломант – 100 000 теңге.
Өтетін орны: Қарқаралы қаласы, Ш. Жандарбекова атындағы мәдениет үйі.
Өтетін күні: 2026 жылғы 1 шілде.
Басталу уақыты: сағат 10:00.
Дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, өнер атты алып мұхитқа өз ән-ағысын қосып, «Мейірханның ән мектебін» қалыптастырған, талай ұрпаққа үлгі-өнеге болған ел ардақтысының туған күні – 1 шілдеде Қарқаралыда жүздесейік!
Қосымша ақпарат:
Тел.: 8 778 720 63 13
E-mail: [zhandarbekova.kdc@mail.ru](mailto:zhandarbekova.kdc@mail.ru)
Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің адалдық қағидаттарын дәріптеуге арналған маңызды семинар-тренинг өтті!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бағытындағы спикері Руслан Алтайұлы Тоқатов арнайы келіп, қоғам үшін өзекті тақырыптарды ортаға салды.
📌 Семинар барысында :
«Адал азамат», «Заң мен тәртіп» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру жолдары;
Мемлекеттік органдардағы кадрлық процестердің қызметтік және еңбек қызметінің барлық кезеңдеріндегі маңызы;
Этикалық стандарттарды сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу;
Адалдық мәдениетін қалыптастырудың қоғам үшін маңызы.Бұл іс-шара мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби дамуына, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға және әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Адалдық – әрбір азаматтың басты құндылығы. Мемлекеттік қызметте әділдік пен тәртіпті сақтау – елдің тұрақты дамуының кепілі.
#ЗаңМенТәртіп
#АдалАзамат
#МемлекеттікҚызмет