«Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қоғамдық талқылауы туралы анонс

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша жария талқылау өткізу жоспарлануда.

Күні: 2026 жылғы 31 тамыз

Уақыты: 14:30

Өтетін орны: Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қаныш Сәтбаев данғылы, 108, 123-кабинет

Дата публикации
31 августа 2026