
Қызылордада түзеу мекемесіне гамбургердің ішіне насыбай жасырып өткізбек болды
Қызылорда қаласындағы №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Атап айтқанда, 9 жылға бас бостандығынан айырылған сотталғанның інісі сәлем-сауқат арқылы гамбургердің ішіне жасырып, төрт дана насыбай өткізбек болған. Алайда мекеменің бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі мен №60 мекеме қызметкерлері күмәнді затты дер кезінде байқап, тексеру барысында тыйым салынған өнімді анықтады. Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Айта кетейік, Қазақстанда 2015 жылдан бастап насыбайды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынған. Шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандар заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері, әділет майоры Қарсақпаев Әлібек Азаматұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық конкурсында III орын иеленді. Бұл — кәсіби біліктілік, жедел қызметтегі тәжірибе мен жауапкершіліктің нәтижесі. Әріптесімізді лайықты жетістігімен құттықтап, қызметіне толағай табыс, жаңа белестер мен кәсіби жеңістер тілейміз! 🇰🇿 Құтты болсын! Жеңістеріңіз көп болсын! - орысшага аударшы
Абай облысындағы әйелдер колониясында сотталғандар колледж оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтады
Ұстаздар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдер колледж оқытушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектері, көңіл бөлуі және қолдауы үшін алғыстарын білдірді.
Қазіргі уақытта колледжде 18 бен 55 жас аралығындағы 50-ге жуық сотталған әйел білім алуда. Олар сұранысқа ие мамандықтарды, оның ішінде аспазшы және тігінші мамандықтарын меңгеріп жатыр.
Кәсіби білім алу – сотталғандарды босатылуға дайындаудың маңызды бөлігі. Алған білімдері мен дағдылары болашақта әйелдердің бостандықтағы өмірге бейімделуіне, жұмыс табуына және тұрақты табыс көзін қамтамасыз етуіне көмектеседі.
Көптеген білім алушылар үшін колледж тек мамандық алатын орын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасауға, дамуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік беретін ортаға айналды.
— Мұнда білім ала отырып, мектептегі кездерімді жиі еске аламын. Ол кезде бағаларыма алаңдап, үйге асығып, анама күнімнің қалай өткенін айтып беретінмін. Мұнда да оқытушылар біз үшін көңіл-күйімізбен және қуанышымызбен бөлісетін, ақыл-кеңесі мен қолдауын беретін жандарға айналды. Ұстаздар күні қарсаңында оларды құттықтап, күнделікті еңбектері, төзімділігі мен түсіністігі үшін алғысымызды білдіргіміз келді. Олар бізге мойымауға, өзімізге сенуге және жаңа білім алуға көмектеседі, — деді сотталған әйелдердің бірі.
— Білім алу және мамандық меңгеру бостандыққа шығуға дайындалып жатқан әйелдер үшін үлкен маңызға ие. Кәсіби дағдылар болашақта жұмысқа орналасуға, өз-өзін қамтамасыз етуге және өмірдің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік береді. Бұл үдерісте оқытушылардың рөлі ерекше. Олар тек білім беріп қана қоймай, білім алушыларға қолдау көрсетеді, қабілеттерін ашуға және өз күштеріне сенуге көмектеседі. Ұстаздар күнімен құттықтау – олардың күнделікті еңбегіне деген шынайы құрмет пен алғыстың белгісі. Сотталғандарды кәсіби даярлау – мекеме жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне, оң өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және босатылғаннан кейінгі дербес өмірге дайындалуына ықпал етеді, — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Кайранова.
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №8 мекеме базасында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдеріне арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында жаңа өндірістер ашу және сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазіргі таңда мекемеде 22 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар былғары бұйымдарын, брусчатка, жылу қаптамаларын, резеңке бұйымдарын, балық өнімдерін өндіру, сондай-ақ ателье қызметі сияқты түрлі бағыттарда жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс орындарының саны 10-ға артқан.
Кәсіпкерлер мекеменің өндірістік аймағымен, қолданыстағы инфрақұрылымымен, сондай-ақ өндірістік нысандарды орналастыруға болатын жаңа ангарлық және модульдік ғимараттармен танысты. Өндірістік базаны дамыту аясында жаңа өндірістік цех пен саңырауқұлақ өсіруге арналған жылыжай да іске қосылды. Қатысушыларға өндірістерді орналастыру шарттары, мекемемен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері және жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары таныстырылды.
Кездесу барысында сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Ресми жұмыс сотталғандарға кәсіби дағдылар мен еңбек тәжірибесін меңгеруге, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуы мен қоғамға бейімделуіне негіз бола алады.
Шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша жұмыс жалғасын табады. Негізгі мақсат — мекеменің өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту, қосымша жұмыс орындарын құру және сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру.
Өткізілген «Ашық есік күні» ҚАЖ өкілдері мен бизнес субъектілері арасында сындарлы диалог орнатуға, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Автокөлік дөңгелегіне жасырылған ұялы телефондарды ҚАЖ мекемесінің аумағына алып кіруге әрекет жасалды
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №29 мекемесінде мекеме қызметкерлері режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасау фактісін анықтады.
Мекеме жанында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағына автокөлік кірген кезде бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы дөңгелегіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтап, тәркіледі.
Аталған факті бойынша одан әрі процестік іс-шараларды жүргізу үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметкерлері белгіленген режимді қамтамасыз ету және түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
ҚАЖК-де аумақтық бөлімшелер қызметкерлеріне радиостанциялармен жұмыс істеу бойынша оқыту өткізілді
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қылмыстық-атқару жүйесінің өңірлік департаменттерінің техникалық мамандарына заманауи радиобайланыс құралдарын пайдалану бойынша арнайы оқу ұйымдастырылды.
Іс-шара шетелдік мамандардың қолдауымен өткізілді. Оқытуға Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі ҚАЖ департаменттерінің техникалық мамандары қатысты.
Курс барысында қатысушылар радиостанцияларды пайдалану қағидаларын, оларды баптау және бағдарламалау тәртібін, сондай-ақ радиобайланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерделеді.
Сабақтарды тиісті біліктілігі мен аталған жабдықпен жұмыс істеуде практикалық тәжірибесі бар техникалық мамандар мен шеберлер өткізді.
Оқу қорытындысы бойынша қызметкерлер кәсіби құзыреттерін арттырып, арнайы курстан өткенін растайтын ресми сертификаттарға ие болды.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу қызметкерлердің техникалық сауаттылығын арттыруға, заманауи байланыс құралдарын тиімді пайдалануға және қылмыстық-атқару жүйесінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру басқармасы желісі бойынша ҚАЖ комитетінің сайтына орналастыру үшін ақпарат.
2025 жылы құқық қорғау органдарының алқасында (ҚР Президентінің қатысуымен өткен.2025 жылғы 23.06 № 25-01-15.2 хаттаманың 2.12-тармағы) Мемлекет басшысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірісті кеңейту және кәсіпкерлерді тарту арқылы сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыруды тапсырды.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы азаматтың босатылғаннан кейiн әлеуметтiк бейiмделуiнде маңызды рөл атқарады, еңбек дағдыларын, тәртiп пен құқыққа бағынатын мiнез-құлықты дамытады.
Бұдан басқа, сотталғандардың жұмыспен қамтылуы қылмыспен келтірілген залалды өтеуге, салықтарды, алименттерді және өзге де міндеттемелерді уақтылы төлеуге әсер етеді.
Сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұлғайту мақсатында Сотталғандарды ұйымдастыру басқармасы «Еңбек» РМК-мен бірлесіп, өндірістік нысандарды жаңғыртуды және «Еңбек» РМК-ның өз өндірісін кеңейтуді, сондай-ақ процестерді автоматтандыруды көздейтін ҚАЖ мекемелерінің өндірістік учаскелерін дамытудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспарын әзірледі.
Сонымен қатар, 2026 жылы еліміздің барлық аумағында 42 өндірістік ангар салу жоспарланған, бұл ҚАЖ мекемелері аумағында жаңа өндірістер ашуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, ҰҰА, медициналық мақсаттағы тауарлар, құрылыс материалдары және т.б. сияқты өндіріс түрлері ашылды, сондай-ақ тамақ өнімдері (шырындар, сүт өнімдері, консерві өнімдері) өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сотталғандардың орташа жалақысы 2026 жылы шамамен 85000 теңгені құрады.
Бизнеспен тиімді ынтымақтастық үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.
Мәселен, ҚАЖ мекемелері жағдайында өндірісті ашқан және дамытатын кәсіпкерлер үшін салықтық және өзге де преференцияларды белгілеу арқылы бизнес пен ҚАЖ мекемелерінің өзара тиімді ынтымақтастық тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік органдардың қатысуымен бизнесті ынталандыру үшін (ІІМ, Қаржымині, ОАМ, Еңбекмині, «Атамекен» ҰКП, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы) бизнес субъектілерін әлеуметтік кәсіпкерлерге жатқызу әдіснамасын жетілдіру, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізуді оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды (бұдан әрі - МЖК), сондай-ақ МЖК үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және өзге де преференциялар беру мәселелері бойынша (ҚР ҰЭМ-нің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 156 бұйрығы).
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды еңбекке тартатын бизнесмендер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызылды. Бұл мәртебе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды және қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алуды қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде қаржылық ынталандыру бөлігінде әлеуметтік кәсіпкерлер үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені 1,5 млрд теңгеге дейінгі қарыз сомасы кезінде жылдық 7-8% деңгейіне дейін субсидиялау, сондай-ақ шағын бизнес үшін несие сомасының 85% -на дейін жабатын «Даму» қорының кепілдік беру құралын пайдалану көзделген.
Қосымша фискалдық преференциялар жаңа Салық кодексіне енгізілген, онда арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін 4% тіркелген базалық салық ставкасы көзделген (76-бап).
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы ҚАЖ комитетінің ерекше бақылауында.
____________________________
10 тамыз – Абай күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы мен тағылымды ойларын насихаттауға арналған іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың рухани мұрасын дәріптеу, оның адамгершілік, білім, еңбек және тәрбие туралы өсиеттерін қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау.
Шара барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Қатысушылар ұлы ойшылдың еңбектеріндегі білімге ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік қағидаларының маңызына тоқталды.
Абайдың «толық адам» ілімі мен оның жастарды білімге, ғылымға және ізгілікке үндейтін тағылымы қазіргі қоғам үшін де өзекті екені атап өтілді.
Қылмыстық-атқару жүйесінде мұндай рухани-танымдық іс-шараларды өткізудің маңызы зор. Себебі Абай мұрасы – тұлғаның рухани дамуына, оң құндылықтарды қалыптастыруға және қоғамға пайдалы азамат болуға бағыттайтын құнды тәрбие құралы.
Іс-шара соңында қатысушылар Абай шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, ұлы ақынның мұрасын кеңінен насихаттау қажеттігін жеткізді.
Абай күні – ұлы ойшылдың рухани мұрасын жаңғыртып, оның тағылымды сөздерін бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды мүмкіндігі.
:::
Қызметкерлердің қырағылығының арқасында №8 мекемеде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттерінің жолы кесілді
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби іс-қимылдарының арқасында тыйым салынған заттарды алып өтуге жасалған екі әрекеттің жолы кесілді.
2026 жылғы 10 тамызда «Қалқан» режимдік-профилактикалық іс-шарасы аясында мекеменің режимдік және жедел бөлімдерінің қызметкерлері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, тексеру іс-шараларын жүргізді.
Сағат 15:50 шамасында «Строй-Проф» ЖШС жүргізушісі, азамат С.Т.-ны тексеру барысында мекеме қызметкерлері оның шалбар қалтасынан жалпы сомасы 20 000 теңге болатын, әрқайсысы 10 000 теңгелік екі банкнотты анықтап, тәркіледі.
Сол күні сағат 16:30 шамасында азамат А.С. әкелген сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлердің қырағылығының арқасында азық-түлік өнімдерінің арасынан донердің ішіне жасырылған ұялы телефон анықталып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша азамат А.С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Аталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында жоғары деңгейдегі қырағылық, мұқияттылық және кәсібилікті сақтауының маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді.
Мекеме басшылығы азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне бару кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Ескерту: сотталғандарға тыйым салынған заттарды, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын және сақтауға әрі пайдалануға тыйым салынған өзге де заттарды беруге әрекет жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ-де ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Нияз Қанатұлы Рыспаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы» Заңының орындалуы бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында Нияз Қанатұлы Рыспаев бүгінгі таңда соттарға рақымшылықты қолдану туралы 10 мыңға жуық материал жолданғанын айтты.
Оның ішінде 4 400-ге жуығы ҚАЖ мекемелерімен, ал 6 900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам материал қаралып, нәтижесінде 620 адам босатылды, 724 азамат жазасын өтеуден босатылып, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар ол рақымшылықтың заңда көзделген барлық санаттарға бірдей қолданылмайтынын атап өтті. Заңға сәйкес рақымшылық сыбайлас жемқорлық, экстремистік және террористік қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, азаптау және қауіпті, аса қауіпті қайталанған қылмыстар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
Рақымшылық туралы заңның орындалуы Қазақстан Республикасы ІІМ мен ҚАЖ комитетінің тұрақты бақылауында.