Түрмедегі наубайхана: Шымкент қаласындағы ҚАЖ мекемесінде 16 жылдан бері наубайхана жұмыс істейді

Түрмедегі наубайхана: Шымкент қаласындағы ҚАЖ мекемесінде 16 жылдан бері наубайхана жұмыс істейді

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты, орта және ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар жазасын өтеп жатқан ИЧ-167/3 мекемесіндегі наубайхана 16 жылдан бері өнім беріп келеді. Бұл наубайханада пісірілген нан қаладағы 4 мекемеге таратылады. «Еңбек-Шымкент» филиалының 31-телімінің бригадирі Сәдібек Нұрсұлтан сотталушылармен жұмыс істеудің 7 жылдық тәжірибесі туралы айтты.⠀
- «Наубайханада 2 ауысыммен 12 адам жұмыс істейді, бір күнде 2100-2500 бөлке нан пісіріліп, қаладағы қалған 4 мекемеге жеткізіледі. Ай сайынғы еңбекақы 42 500 теңгені құрайды, сонымен қатар атқарылған жұмыс көлеміне байланысты қосымша төлем бар», - деді наубайхана меңгерушісі.
Барлық сотталушылар жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде жұмыс істейді. Көбіне сотталушылар тапқан табыстарын туыстарына жіберіп отырады.⠀
Бүгінде наубайхананың ең жас шебері - 7 жылға бас бостандығынан айырылған, 19 жасар 167/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Р.Қырықбай.⠀
- «Бұл мекеме маған көп нәрсені үйретті деп сеніммен айта аламын. Бүгінде мен адал еңбегімнің арқасында нан пісірудің қыр-сырын үйрендім. Мысалы, бір қап ұннан қанша бөлке алуға болады және бұл үшін қанша қосымша ингредиенттер (су, ашытқы және тұз) қажет. Еңбек ақысыз қалмайды, менің айлық жалақым 40-45 мың теңгені құрайды. Осы наубайхана арқасында мен отбасыма, ата-анама көмектесе аламын, сонымен қатар мекеменің дүкеніненде өзіме қажетті заттарды сатып ала аламын. Барлық адамдарға нан қажет, бұл кәсіп мен үшін бұл табысты және жемісті екендігін білдім. Жазамды өтеп болғаннан кейін, уақытты құр жоғалтпай, қоғамға және қоршаған ортаға өз үлесімді қосқым келеді. Мен «Еңбектің наны тәтті» деген қағиданы өмірлік ұстанымымы еттім», - деді Рахат Қырықбай.⠀