
Сотталғандар Қазақстанның әр өңірінен келген және олардың бауырсақ пісіру тәсілдері де әр түрлі болып шықты.
Олардың ішіндегі шеберлері өздерінің аспаздық қабілеттерін көрсетті. Жазасын өтеушілер бауырсақтың 3 түрін – тәтті қосылған, қарапайым тұщы түрін және сүзбе қосылған бауырсақты жасап көрді.
"Мекеменің асханасы ерекше күйге енді, аспаздар бар жан-тәнімен бауырсақ жасауға кірісті. Бауырсақсыз ешқандай мерекелік шара өтпейді. Әсіресе олар ыстық кезінде өте дәмді ", – дейді колония қызмектерлері.
Шараға қатысқан сотталғандар еліміздің әр өңірінен келген, сәйкесінше олардың дайындау әдістері де әр түрлі болды. Шеберлік сағаты аяқталған соң пісірілген бауырсақтар сотталғандарға мекеменің асханасында таратылды.