Тәулік ішінде колониялардан қандай тыйым салынған заттар алынды

Тәулік ішінде колониялардан қандай тыйым салынған заттар алынды

Тек соңғы тәулік ішінде еліміздегі пенитенциарлық жүйенің бірнеше мекемесінде тыйым салынған заттар тәркіленді: 19 ұялы телефон, 8 сим-картасы, қоңырқай жасыл түсті өсімдік тәріздес зат және и 0,5 л спирт. Бұл заттар бас бостандығынан айыру орындарына түрлі жолдармен түскен. Олардың негізгі қоршау арқылы лақтырады, кездесуге келген уақытта туыстары беруге әрекет жасайды, немесе сәлемдемелер мен сауқаттар арқылы келеді.
Жоспардан тыс тінту шаралары кезінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты екі мекемеден 7 ұялы телефон және 5 сим-карта табылды. Қостанай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жасақтан бір сотталғаннан ұялы телефонмен сим-карта алынды. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеден прокуратура өкілдерімен тексеру барыснда сотталғандардан 5 ұялы телефон алынды, оның үшеуі дәретхананының ішіне, ал екеуі мекеме аумағындағы жеке кәсіпкерліктің қоймасынан табылып, алынды.
Сонымен қатар, Алматы облысындағы әйелдер колониясынан 5 ұялы телефон сим-карталарымен табылды. Келесі мысалда, Ақтөбе облысындағы орташа қауіпсіз мекемесінен сотталғанға келген сәлемдемені тексеру кезінде 4 бисквитті бәліштен қоңырқай жасыл түсті өсімдік тәріздес зат салынған 8 орама алынды. Аланған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды.
Барлық фактілер бойынша жиналған материалдар процестікшешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.
Жалпы соңғы 6 айдың ішінде ҚАЖ мекемелеріндегі тінтіп-тексері шаралары кезінде – мыңнан аса ұялы телефондар, 16 литрге жуық спирттік ішімдіктер, 4000 грамм есірткі заттары, және 338 мың теңге ақша алынып, тәркіленді.