Маңғыстауда тергеу изоляторына тыйым салынған заттардың өтуіне тосқауыл қойылды

Маңғыстауда тергеу изоляторына тыйым салынған заттардың өтуіне тосқауыл қойылды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті тіркелді. Бұл заттар қамауда отырған азаматтардың біріне арналған болатын.

Қамаудағы азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері «NOTHING» маркалы смартфон мен екі SIM-картаны анықтап, тәркіледі. Смартфон дымқыл майлықтардың қаптамасына жасырылған болатын.

Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы дерек бойынша материалдар Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда және тергеу изоляторы аумағына тыйым салынған заттарды кіргізудің алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.