
Шымкент қаласының № 53 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелу әрекетінің жолын кесті.
Автокөлікті тексеру кезінде ішінен 24 сенсорлық ұялы телефон, 11 құлаққап, 7 зарядтау құрылғысы және 7 симкарт табылды.
Жүргізушіге қатысты хаттама жасалды. Оның одан арғы тағдырын сот анықтайды.