ҚАЖ комитетінің қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтады.

ҚАЖ комитетінің қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтады.

Қарттар күнін мерекелеу қарсаңында құрамында Комитет пен ІІМ Ардагерлер кеңесі бар ҚАЖК басшылығы Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ ЕТМБ еңбек ардагері зейнеткер Әсия Омарқызы Кирееваға барды.

ІІМ-дегі еңбек жолын 1954 жылы Петропавл қ. СИ-12-де  инспектор-аудармашы қызметінен бастаған.

Кейіннен Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ ЕТМБ арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы лауазымына ауысқан. Жалпы ішкі істер органдарында Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ ерекше бөлімінде 38 жылдан астам жұмыс істеді

Ол 1989 жылы зейнетке шықты. Ұжым арасында А. О. Киреева беделге ие болды және өзінің әріптестері туралы жақсы айтады.

Ол жұмысқа адал, өз ісінің маманы болды, сондықтан бәрі оны сыйлап, құрметтеді.