ҚАЖ комитетінің қызметкері күштік спорт түрлері бойынша Әлем кубогында бірінші орынды иеленді.

ҚАЖ комитетінің қызметкері күштік спорт түрлері бойынша Әлем кубогында бірінші орынды иеленді.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «NPA KAZAKHSTAN» федерациясы «Алтын батыр» спорттың күштік түрлері бойынша ашық әлем кубогын өткізді, оған түрлі елдерден 500-ден астам спортшы қатысты.

Жарысқа Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бас маманы, әділет майоры Мұрат Токушев қатысты. Жарыста майор Токушев «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындап, бірінші орынға ие болды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Мұрат спорт шеберінің нормативін орындап, «Даланың қуаты» ашық Азия кубогының чемпионы атанды.

Майор Токушевтің айтуынша, ол бала кезінен спортпен айналысқан.

- Мектеп жүрген кезімде мен күрес және бокспен айналыса бастадым. Үйірмелерге өзім бардым, өйткені мен үшін өзімді қорғай білу және біреуді ренжітсе, қорғай білу маңызды болды. Жылдар өткен сайын бұл хоббиге айналды. Тұрақты жаттығулар рухкүшін реттейді және тәрбиелейді. Қазір мен өз өмірімді спортсыз елестете алмаймын.

Мұрат Токушев Қарағанды облысында туып-өскен. Болашақ офицерді анасы тәрбиелеп өсірген, ол ұлына дербестік пен жауапкершілікті, ұқыптылық пен мақсаттылықты үйретті. Ұлына деген мызғымас сенім Мұратқа жаңашыңдардыбағындыруғаниет пен күшберді. 2008 жылы Павлодар заң колледжіне түскен Мұрат жаттығуды жалғастырып, алдымен оқу орнының атынан, кейіннен жарыстар мен турнирлерде қылмыстық-атқаружүйесінің атынан шықты.

- 2014 жылы мені жауынгерлік және қызметтік даярлық жөніндегі инспектор етіп тағайындады. Қызметкерлерді күрестің жауынгерлік тәсілдеріне тиімді оқыту мақсатында жұмыстан кейін Combat JU-JUTSU (Николай Васильев мектебі) бойынша жаттығуларға қатысып, төрт жылдан кейін қарабелдікті қорғадым. 2021 жылғы шілдеде ҚАЖ комитетінің кәсіби даярлық жөніндегі аға инспекторы лауазымына тағайындалдым. ҚАЖК кәсіби даярлығының бас маманы, ҚР жекпе-жек күрек федерациясының президенті, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Әділ Қайырбаевпен танысып, онымен жекпе-жек күресте машықтана бастадым. Кейін жекпе-жек күрес нұсқаушысы куәлігін алдым. Соныменқатар, Астана қаласындағы Champion Gym фитнес клубында үш айлық оқудан өтіп, емдік денешынықтыру элементтері бар тренажер залының нұсқаушысы куәлігін алдым. Сондай-ақ ІІМ-нің отставкадағы полковнигі, күштік спорт түрлері бойынша бірнеше дүркінәлем чемпионы Серік Нұрғалиевпен таныстым, ол мені жарысқа қатысуға дайындады, - дейді Мұрат Токушев.

Жұбайы Ингамен бірге олар төрт баланы тәрбиелеп отыр,Мұрат балаларын спортқа тартып, олардың спортқа деген сүйіспеншілігін оятуда.