
ШҚО бойынша ҚАЖД (қауіпсіздігі жоғары) №16 мекемесіне жақында күйеуімен қысқа мерзімді кездесуге балалы әйел келген. Жаңбыр жауып, күн күркіреген салдарынан нәресте қорқып, мазасы кеткен.
Тексеру процедурасынан өту кезінде әйел нәрестесінің бейтаныс ортада өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін деп қорқынышын білдірді.
Тексеру тобының қызметкерлері алаңдаған анаға баласын өздерінің қасында қалдыруға ұсыныс жасаған, содан кейін қызметкерлер баланы бір сағат бойы қолдарында көтеріп, тіпті түскі асымен бөліскен.
Мекеме бақылаушысы Мұратқан Серікпаевтың айтуынша, оның өзі үлкен отбасынан шыққан, балалармен тіл табыса алатын шеберлігі осыдан.
Колония қызметкерлерінің айтуынша, олар кездесуге келгендердің сөмкелерін көтерісуге, олармен әңгімелесіп, балаларына қарайласып, ойнататын кездер жиі кездеседі.